Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне cенім грамоталарын тапсырды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне cенім грамоталарын тапсырды
    КездесуАяқталды

    Аддис-Абеба, 2025 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопия Президенті Тайе Атске-Селассиеге сенім грамоталарын тапсырды.

    Салтанатты рәсім барысында Елші Ж.Әділбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен жылы лебіздерін жеткізіп, Қазақстанның Эфиопиямен жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.

    Өз кезегінде, Эфиопия Президенті Қазақстан мен Эфиопия арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Елшінің дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

    Ұқсас материалдар

    БасқаАяқталды

    Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

    Аддис-Абеба, 2025 жылғы 17маусым – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопия Сыртқы істер министрлігі Протокол басшысы Азиза Гелетаға сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастар...