Қарасу ауданында жаңа базалық байланыс станцияларын салтанатты түрде іске қосу

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    БасқаАяқталды

    Құрметті Октябрь ауылдық округі тұрғындары!
    2024 жылғы 23 желтоқсанда телекөпір аясында Қостанай облысының 15 ауылдық елді мекенін қамтыған жаңа ұялы байланыс базалық станцияларының 1-ші кезегі салтанатты түрде іске қосылады. Біздің аудан үшін бұл оқиға ерекше маңызды, өйткені Байланыс 5 ауылдық округке келеді!

    Теміржол (Октябрь а/о),

    Айдарлы (Айдарлы а/о),

    Павловское (Жамбыл а/о),

    Жаңыспай (Челгашин а/о),

    Ленино (Черняевский а/о).

    Базалық станцияларды іске қосудың арқасында Қостанай облысының ауылдық аумақтарының 4 мыңнан астам тұрғыны, соның ішінде ауданымыздың тұрғындары да заманауи байланыс технологияларына қол жеткізді.
    Бұл жоба-өңірдің тұрақты дамуына жасалған қадам. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, экономикалық және әлеуметтік өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Қарасу ауданы үшін бұл жобаның маңызы зор: ол шалғай аумақтармен байланысты нығайтады, барлық тұрғындар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді және ауылдарымыздың дамуына жағдай жасайды.