VI Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан медаль саны бойынша қай орында тұр?

    Орган
    Орны
    Ар-Рияд, Сауд Арабиясы
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    VI Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан медаль саны бойынша қай орында тұр?
    ЖарысАяқталды

    Ар-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) VІ Ислам Ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс аяқталды.

    Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржыны 5 жүлдемен (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) толығып, жалпы есепте
    7-орыннан көрінді. Атап айтсақ, теннистен ерлер құрамамыз топ жарса, ауыр атлетикадан жұлқа көтеруде Едіге Емберді күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ отандасымыз серпе көтеру мен қоссайыста екі қолаға қол жеткізсе, жүзуден Айбат Мырзамұратов үздік үштікті түйіндеді.

    Назарларыңызға жүлде кестесін ұсынамыз:

    1. Түркия - 61 медаль (39 алтын, 13 күміс, 9 қола)
    2. Өзбекстан - 28 (8 алтын, 12 күміс, 8 қола)
    3. Мысыр - 19 (6 алтын, 4 күміс, 9 қола)
    4. Нигерия - 11 (5 алтын, 3 күміс, 3 қола)
    5. Индонезия - 18 (4 алтын, 11 күміс, 3 қола)
    6. Әзірбайжан - 29 (4 алтын, 9 күміс, 16 қола)
    7. Қазақстан - 18 (4 алтын, 6 күміс, 8 қола)
    8. Иран - 12 (2 алтын, 2 күміс, 8 қола)
    9. Бахрейн - 6 (2 алтын, 2 күміс, 2 қола)
    10. Алжир - 11 (1 алтын, 5 күміс, 5 қола)

    Ертең ел құрамасы жүзуден (еркін, баттерфляй, шалқалай, эстафета), үстел теннисі (жекелей сын), ауыр атлетика, каратэ (WKF), киберспорт және муайтайдан бақ сынайды.

    Ұқсас материалдар