Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді
    КездесуАяқталды

    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ

    Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді

    2025жылғы07қараша

    Вашингтон қаласы,АҚШ

    Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.

    Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

    Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды.

    Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.

    Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

    Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды.

    Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Қазақстан СІМ басшысы ФАО Бас директорымен кездесу өткізіп, «Қазақстан» бөлмесінің ашылуына қатысты

    Қазақстан СІМ басшысы ФАО Бас директорымен кездесу өткізіп, «Қазақстан»бөлмесінің ашылуына қатысты Рим, 2025жылғы13қазан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италияға жұмыс сапары аясында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті. Кездесу барысын...

    16 қазан 2025 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

    Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Израиль тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті. Г.Саар әріптесін жаңа лауазымға тағайындалуымен құтты...

    8 қазан 2025 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіріп, поляризациядан әріптестікке қалай өтуге болады? Астана диалогқа шақырады

    Халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіріп, поляризациядан әріптестікке қалай өтуге болады? Астана диалогқа шақырады Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбас...

    30 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті

    Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті 2025 жылғы 24 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігінің Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серікт...

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді

    Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді 2025 жылғы 24 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтасты...

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді 2025 жылғы 24 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Президенттер осыған дейін ж...

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті

    Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті 2025 жылғы 23 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князі ІІ Альбермен кездесу өткізді. Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманит...

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 2025 жылғы 23 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды. Президе...

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей