Қ Ы З М Е Т К Е К О Н К У Р С ! Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Қоғалыкөл ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы лауазымына конкурс жариялайды.

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Лауазымдық міндеттері: мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді;

    шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарды ұйымдастырады;

    байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығының байқауларын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

    көркемөнерпаз ұжымдарының жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады;

    қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырады және мәдениет үйі мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді;

    білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады;

    мамандарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды, жұмыскерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады;

    ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.

    Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелерін.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

    2) Өнер немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

    3) Арнайы дайындығы немесе біліктілікке қойылатын талаптарда белгіленген еңбек стажы жоқ, бірақ мәдениет саласында жеткілікті практикалық тәжірибесі бар жоғары немесе арнаулы орта білімі барларға рұқсат етіледі.

    Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес өткізеді.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

    • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
    • білім туралы құжаттардың көшірмелері;
    • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқталығаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
    • Еңбек кітапшасының (ол болғанкезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқталығаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
    • Соттылығы жоқ жөнінде анықтама.

    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар мен дәрежелер беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орныны басшылығынан кепілдеме және т.с) беруіне болады.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7(жеті) жұмыс күн өткеннен кейін аяқталады.

    Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде веб-порталда ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

    Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

    Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия тізілімінің веб-порталында әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

    Әңгімелесу Қоғалыкөл ауылы, С.Майханова көшесі №6 мекен-жайы бойынша «Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтеді. Анықтама телефондары : 8(7242)21-75-00; 8(7242)21-77-74.

    Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының конкурстық комиссиясы

    Мәдениет

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Ескерту. Әдеп кодексі жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 22.02.2022 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. 1-тарау. Жал...

    21 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Әдеп жөніндегі уәкілі

    ЕШНИЯЗОВ НҰРЖАН ЕРДІЛДАҰЛЫ"Сырдария ауданы әкімінің аппараты" КММ-ніңӘдеп жөніндегі уәкіліТелефон нөмері: қызметтік: +7 724-36 79-5-20(3605)ұялы: +7 777 455 6677Мекенжайы: 120600, Тереңөзек кенті, Абая көшесі №31, 2 қабат, №202 кабинетҚабылдау күні: әр аптаның жұма күні сағат 10.00-12.00

    20 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Әдеп жөніндегі уәкілі

    ӘБДІҚАДЫР БАҒДАТ НАЖМЕДДЕНҰЛЫ «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» КММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Телефон нөмірі: қызметтік: +7 7242 401191 (7065) ұялы: +7 775 125 3025 Мекенжайы: 120003, Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі №1,6 қабат, №606 кабинет Қабылдау күні: әр аптаның жұма күні сағат 17.00-19.00

    19 қаңтар 2026 ж.Тікелей