
Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Гульнара Берниязовамен жергілікті «Жолбаян» радиотолқынында әңгімелесу-сұхбаты өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімімен бекітілген «2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасына» сәйкес «Мемлекеттік қызметтің қыр-сыры» тақырыбы қозғалды.
Әңгімелесу барысында мемлекеттік қызметшінің имиджі, меритократия және мемлекеттік қызметтің жақсы жақтары талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар, әдеп нормалары қатаң түрде сақтау қажеттілігін және мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін жас буынға ақыл-кеңестерін айтып өтті.
Сұхбат соңында, Гульнара Берниязова өзінің мемлекеттік қызметтегі жетістіктерін, қызмет өтіліндегі қиындықтарымен, әсерлі оқиғаларымен бөлісіп, әңгімелесу жақсы толқында аяқталды.