
2025 жылдың 15–17 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен IFIP (Халықаралық инклюзия практиктері форумы) ұйымының бірлесуімен «Қолжетімділік. Теңдік. Прогресс» тақырыбында Инклюзивті білім беру бойынша алғашқы дүниежүзілік Конгресс өтіп жатыр.
Аталған іс-шараға 50-ден астам елден халықаралық сарапшылар, білім беру министрліктерінің өкілдері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен технологиялық компаниялар өкілдері қатысуда.
Конгресс аясында:
- Алматылық декларация жобасы талқылануда;
- Пленарлық және панельдік сессиялар өтуде;
- Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың шеберлік сабақтары ұйымдастырылуда;
- Ғылыми ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуда.
Бұл Конгресс – баршаға тең мүмкіндік беретін сапалы білім берудің болашағын айқындауға бағытталған маңызды халықаралық алаң. Алынған білім мен тәжірибе Ұлытау өңіріндегі инклюзивті білім беру саласын жақсартуға тигізер үлесі мол.