Департамент тарапынан қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілуде

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Департамент тарапынан қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілуде
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды құралы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтарының бұзылуы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне нұқсан келтіреді және азаматтардың сенімін төмендетеді. Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру – мемлекеттің азаматтарға деген міндеттемесінің ажырамас бөлігі.

    Сондықтан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне басымдық беріліп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

    Департаментке түскен шағымдар заң аясында қаралып, тиісті шаралар қолданылады. Мысалы, Департаментке ағымдағы жылдың қыркүйек айында қала тұрғынынан «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің нәтижесі Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) тарапынан қате берілгені туралы шағым түскен. Қызмет алушы өз шағымында бюрократиялық кедергілерге тап болып, әуре-сарсаңға түскенін мәлімдеген.

    Шағым негізінде Бөлімге жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

    Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы №168 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-тарауының 12-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті келіп түскен күні тіркеуі тиіс. Құжаттарды қарау және анықтама беру мерзімі 6 жұмыс күнін құрайды. Сондай-ақ, шешім қабылдау үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын (МТК) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркеуді жүзеге асыру қажет.

    Тексеру барысында Бөлім қызметкері қызмет алушының өтініші бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бармағаны және мекенжай нөмірін көршісінің мүлкіне де бергені белгілі болды. Бұл қызметтің сапасыз көрсетілуіне және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібінің бұзылуына әкелген. Нәтижесінде, шағым берушімен қоса, тағы 10 қызмет алушының құқықтары бұзылғаны анықталды, яғни жалпы 11 адамға мекенжай нөмірлері қате берілген.

    Департамент бұл мәселеге шұғыл түрде ден қойып, Бөлімге ұсыну енгізді.

    Нәтижесінде, 1 қызмет алушының мекенжай анықтамасы бұған дейін Бөліммен екінші мәрте берілген нөмір бойынша сәйкестендірілді және 10 қызмет алушыдан жаңадан өтініштер қабылданып, мекенжайын айқындау бойынша анықтамалар қайтадан беріліп, бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді.

    Бұл оқиға мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтіп, қызмет сапасын арттырудың маңыздылығын көрсетеді. Департамент алдағы уақытта да азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жалғастырады.

    Егер, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптары сақталмаса, мерзімі бұзылса, негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап етілсе немесе мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылса – азаматтар құқықтарын Департаментке eotinish.gov.kz, Kenes1414Bot платформалары арқылы онлайн түрде немесе Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №1 мекенжайы бойынша жазбаша түрде шағымдану арқылы қорғай алады.

    Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36, 8 (7242) 70-00-40.

    Қазақстан Республикасы

    Мемлекеттік қызмет істері

    агенттігінің Қызылорда

    облысы бойынша

    департаментінің Мемлекеттік

    қызметтер көрсету

    басқармасының бас маманы

    З. Арынова

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.2026 - 30.07.2026 жыл аралығындағы мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққ...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.-30.07.2026 жыл аралығында мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себепте...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.2026 - 30.07.2026 жыл аралығындағы мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әс...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    «Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз

    «Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Қоғамдық тыңдаулар» айдары

    1)Жобаның атауы: « Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің бас жоспары. Түзету». 2) Әсер ету аумағыменкоординаттары: Әкімшілік-аумақтық бірлік: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті. Әсер ету аумағының географиялықкоординаттары:879627, 67.218433; 43.938824, 67.240920; 43.940685, 67.312503;...

    1 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты, Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.04.-30.04.2026 жыл аралы...

    13 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    СЭБ бойынша есепті қарау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI Экологиялық кодексінің 57-бабы 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік орган – әзірлеуші стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті оның сапасын бағалау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасының Экология...

    12 желтоқсан 2025 ж.Тікелей