Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыстық бюджет бағдарламалары әкімшілерінің қатысуымен «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің жұмыс істеуі және оның нәтижелері бойынша алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында онлайн кеңес өткізді

    Орган
    Орны
    Онлайн.Ссылка на ZOOM:https://us05web.zoom.us/j/85669147854?pwd=MaZBfOLvXqo00d173g2toDMRQaqfPz
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КеңесАяқталды

    Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық бөлімшелері 2024 жылғы қарашадан бастап алдын ала ден қою шараларын қолдана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін мониторингілеу бойынша жаңа тәсілдерді қолдануда.

    Бюджеттік қаражаттың, соның ішінде білім беру саласында еңбекақы төлеуге бағытталған қаражаттың пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында «Онлайн бюджеттік мониторинг» (ОБМ) модулі әзірленді, осы модуль арқылы тәуекел профильдері бойынша жалақы төлеу мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі және тәуекел расталған жағдайда мониторинг объектісіне ден қою хаты жіберіліп, бюджет бағдарламаларының әкімшісіне, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық органдарына ақпарат беріледі.

    2025 жылдан бастап бюджеттік мониторинг аясында мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт салаларындағы еңбекақы төлемдері қамтыла бастады.

    Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 23 сәуірде еңбекақы төлемдерін мониторингілеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың нәтижелерін түсіндіру мақсатында облыстық бюджет бағдарламалары әкімшілерінің, білім беру, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау басқармаларының қатысуымен кеңес өткізілді.

    Кеңесте Департамент тарапынан 2024 жылғы 1 қарашадан 2025 жылғы 16 сәуірге дейінгі кезеңде ОБМ арқылы жалпы сомасы 873,2 млн теңгені құрайтын 2093 төлем қамтылғаны, оның ішінде жалпы сомасы 18,5 млн теңгені құрайтын 400 төлем бойынша тәуекелдердің расталғаны атап өтілді. Соның ішінде 8,6 млн теңге бюджетке қайтарылған, қалған сома өтеу кестесіне сәйкес қайтарылуда.

    Бұзушылықтар келесі тәуекел бейіндері бойынша анықталды:

    - «800,0 мың теңгеден асатын артық қаражат аудару тәуекелі» профилі бойынша еңбекақыны негізсіз төлеудің екі фактісі анықталды, жалпы сомасы 536,6 мың теңге, оның ішінде «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ 336,6 мың теңге, Қарағанды қаласының «№45 гимназиясы» КММ 200,0 мың теңге. Бұл бұзушылықтар есепші мамандардың заңсыз әрекеттерінен туындаған.

    - «Жеке тұлғаның карта-шотының сәйкессіздігі» профилі бойынша да екі негізсіз төлем фактісі анықталды, жалпы сомасы 508,6 мың теңге, оның ішінде «Шет ауданының білім бөлімі» ММ 324,3 мың теңге, Қарағанды қаласының «Жақып Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 184,3 мың теңге. Бұл жағдайлар бұрынғы шоттардың мерзімі аяқталып, бұғатталғанына қарамастан жалақының сол шоттарға аударылғанынан туындаған. Жұмысшылар жалақы алмағандықтан, жалақы жаңа шоттарға қайта аударылған. Ал бастапқыда аударылған сома екінші деңгейлі банктерде қалып қойған. Тек Департаменттің араласуынан кейін бұл қаражаттар бұғаттан шығарылып, бюджетке қайтарылды.

    Қалған бұзушылықтар «Бір ай ішінде әртүрлі мемлекеттік мекемелерден жеке тұлға шотына төлем түсуі» профиліне сәйкес анықталды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 68-бабы талаптарының бұзылғаны тіркелген. Атап айтқанда, бір адам бірнеше мектепте 2 және одан да көп ставкаларда қатар жұмыс істеген, бұл Еңбек кодексінің талаптарына қайшы. Өйткені, негізгі және қоса атқаратын жұмыстың жалпы ұзақтығы бір күнде белгіленген жұмыс уақыты нормасынан 4 сағаттан аспауы тиіс. Бухгалтер лауазымы уақыт бойынша еңбекақы төленетін қызмет болып есептеледі және еңбекақыны төлеудің негізі – жұмыс уақыты табельдері болып табылады, бұл қашықтан (дистанциялық) жұмыс істеу жағдайында да сақталуы тиіс.

    Анықталған тәуекелдер бойынша мониторинг объектілеріне жалақыны есептеудің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы қағаз нұсқада ден қою хаттары (хабарламалар) жолданады, бұл туралы бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) және оның аумақтық органдарына ақпарат беріледі. Тәуекел расталған жағдайда, бюджет қаражатын негізсіз пайдаланудың алдын алу мақсатында объектіге 10 жұмыс күні ішінде тәуекелді өз бетінше жою ұсынылады. Орындамаған жағдайда жоспардан тыс аудит жүргізу мәселесі қаралатын болады. Қазіргі таңда жоспардан тыс аудит жүргізілген жоқ, барлық хабарламалар орындалуда.

    Қазіргі уақытта ОБМ функционалы жетілдірілуде, тәуекел профильдері олардың тиімділігіне қарай өзектендірілуде, алдағы уақытта тәуекел срабатываниясы бойынша хабарламалар электрондық форматта жолданатын болады.

    Тәуекелдерді басқару

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 09 шілде күні сағат 11:00-де оффлайн форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өтеді. Кездесудің өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20А Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды s.b...

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 09 шілде күні сағат 11:00-де оффлайн форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өтеді. Кездесудің өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20А Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды s.b...

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті университет студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шараның мақса...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылғы 21 мамырда Жетісу облысындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларының қатысуымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтарын дұрыс қолдану мәселелері бо...

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    г.Талдыкорган, ул.Шевченко, 168
    СеминарАяқталды

    «2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындысы» тақырыбындағы семинар

    Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2026 жылғы 30 сәуірде Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар өкілдерінің қатысуымен «2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындылары» тақырыбында семинар өткізді. Сонымен...

    8 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке – еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі. Аталған мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылғы 18 қазандағы жарлыққа сәйкес, мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні бол...

    30 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    СҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Ашық есік күні өтті

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және жастар арасында ерте кәсіби бағдар беруге бағытталған іс-шаралар жоспары аясында №12 орта мектептің бітіруші сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында оқушылар Департамент қызметі...

    13 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Департамент внутреннего государственного аудита по Северо-Казахстанской области
    КездесуАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 31 наурыз күні сағат 11:00-де онлайн форматта ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Павлодар облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесудің өтетін орны: Павлодар қ, Мәшһүр Жүсіп көшесі 35/1, Үлкен зал Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды n.shokataev@minfin....

    26 наурыз 2026 ж.Тікелей