Қостанайда кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қостанайда кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қостанай қаласында «Этика, есептілік, ашықтық және құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаттары негізінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел форматында семинар өтті. Іс-шараны Қостанай облысы әкімінің аппараты мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

    Дөңгелек үстел жұмысына жергілікті атқарушы органдардың этика жөніндегі уәкілетті өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, облыстық басқармалар қызметкерлері мен сала сарапшылары қатысты.

    Семинар барысында қаржы және мемлекеттік сатып алу салаларындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Бұл бағыттағы өз пікірімен Бульбаев, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы бөлісті.

    Облыс әкімі аппаратының басшысы М.Сандыбаев пен Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Г.Шағырова мемлекеттік органдар алдында тұрған негізгі міндеттерді, өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын атап өтті.

    Қостанай облысының этика жөніндегі уәкілі Қ.Сүйіндіков 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша этика жөніндегі уәкілетті өкілдердің қызметінің нәтижелері туралы баяндады.

    Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Б.Успанов мемлекеттік мекемелерде қызметтік автокөліктерді ұтымсыз пайдалану фактілері мен әкімшілік құқықбұзушылықтар динамикасы туралы ақпарат берді.

    Жол қозғалысы ережелерін бұзудың негізгі себептері мен факторлары, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы Қостанай қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Е.Алтаев баяндама жасады.

    Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен, салалық қоғамдық бірлестіктермен және бастамашыл топтармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Е.Кашарина сөз сөйледі.

    Кездесу қорытындысы бойынша құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге және мемлекеттік мекемелерде жүйелі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленетін болады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 09 шілде күні сағат 11:00-де оффлайн форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өтеді. Кездесудің өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20А Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды s.b...

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 09 шілде күні сағат 11:00-де оффлайн форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өтеді. Кездесудің өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20А Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды s.b...

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті университет студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шараның мақса...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылғы 21 мамырда Жетісу облысындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларының қатысуымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтарын дұрыс қолдану мәселелері бо...

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    г.Талдыкорган, ул.Шевченко, 168
    СеминарАяқталды

    «2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындысы» тақырыбындағы семинар

    Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2026 жылғы 30 сәуірде Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар өкілдерінің қатысуымен «2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындылары» тақырыбында семинар өткізді. Сонымен...

    8 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке – еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі. Аталған мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылғы 18 қазандағы жарлыққа сәйкес, мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні бол...

    30 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    СҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Ашық есік күні өтті

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және жастар арасында ерте кәсіби бағдар беруге бағытталған іс-шаралар жоспары аясында №12 орта мектептің бітіруші сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында оқушылар Департамент қызметі...

    13 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Департамент внутреннего государственного аудита по Северо-Казахстанской области
    КездесуАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 31 наурыз күні сағат 11:00-де онлайн форматта ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Павлодар облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесудің өтетін орны: Павлодар қ, Мәшһүр Жүсіп көшесі 35/1, Үлкен зал Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды n.shokataev@minfin....

    26 наурыз 2026 ж.Тікелей