ХАБАРЛАНДЫРУ! Түркістан облысының білім басқармасы аудандық және қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының бос директор лауазымдарына конкурс жариялайды!

    Орган
    Орны
    Басқармалар үйі
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КонкурсАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ! Түркістан облысының білім басқармасы аудандық және қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының бос директор лауазымдарына конкурс жариялайды!

    Аудан атауы

    Мекеме атауы

    Орналасқан жері

    Лауазым атауы

    Лауазымдық жалақы мөлшері

    (еңбек өтіліне қарай )

    1

    Түркістан қаласы

    «Гүлдер балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

    Түркістан облысы, Түркістан қаласы, А.Сабырханов көшесі, 27 ү

    Меңгеруші

    187245 тг-227030 тг дейін.

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, арнайы ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

    Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы

    1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

    жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

    немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

    осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

    арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

    "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;

    және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

    Конкурс өткізу мерзімі: құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

    Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, Басқармалар үйі, Түркістан облысының білім басқармасы.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

    Ақпарат алу үшін: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, Басқармалар үйі, Түркістан облысының білім басқармасы. Анықтама сымтетігі: 8 (72533) 5-94-37 , э лектронды почта [email protected].

    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:

    1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
    4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
    7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
    8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
    9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
    10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

    11) түйіндеме;
    12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

    Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ) өз бетінше өтеді.

    Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.

    Байқаушы кандидаттарға сұрақтар қоймайды, конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамайды, кандидаттардың жеке деректеріне, конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жарияламайды, техникалық жазба құралдарын пайдаланбайды.

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс жариялау

    Түркістан облысының жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 13 шілдедегі №1 хаттамасының негізінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім...

    17 шілде 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!

    ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Түркістан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (Бұйрық) бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі...

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының ШЕШІМІ (15.04.2026 жылғы №1-1 хаттамасы)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының ШЕШІМІ (15.04.2026 жылғы №1-1 хаттамасы) Түркістан қаласы 15.04.2026 жыл № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. - Ордабасы ауданының білім бөлімінің басшысы

    15 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Арыс ауданының мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде қарау және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін өзектендіру бойынша комиссия отырсының №9 ХАТТАМАСЫ

    Арыс ауданының мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде қарау және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін өзектендіру бойынша комиссия отырсының №9 ХАТТАМАСЫ Арыс ауда...

    13 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІМЕН ТҮЗІЛГЕН АКТ

    ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІМЕН ТҮЗІЛГЕН АКТ Күні: 16.03.2026 жыл. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, еңбек нарығының қажеттіліктерін...

    17 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІМЕН ТҮЗІЛГЕН АКТ

    ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІМЕН ТҮЗІЛГЕН АКТ Күні: 05.03.2026 жыл. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, еңбек нарығының қажеттіліктері...

    5 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалуына немесе қызметін бастаған жекеменшік мектептерге жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы хаттамасы

    Жекеменшік мектептердің хаттамасы Мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалуына немесе қызметін бастаған жекеменшік мектептерге жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ХАТТАМА Күні: 20.01.2026 жыл Түркістан қаласы Коммисия құрамы: Қасымбекова Айгүл Ерхалықызы «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекеме...

    20 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру!

    Хабарландыру! Түркістан облысының төменде көрсетілген тізімдегі мемлекеттік тапсырыс орналастырылмаған жекеменшік орта білім беру ұйымдарының оқыту процесі мен білім сапасына бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның 6-бабы 2) тармағына, сонымен қатар, орта білім беруге мемлекеттік тапсырыс орн...

    24 желтоқсан 2025 ж.Тікелей