ХАБАРЛАНДЫРУ
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес, 2025 жылы маусым айының 16-ы күні сағат 10:00 де, Панфилов ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өткен қоғамдастық жиынының күн тәртібінде Жаркент қаласына қарасты 3-ықшам ауданындағы № 10 көшеге ҰОС ардагері Жақып Дадайұлы Заманбековтың есімін, № 11 көшеге ҰОС ардагері Нұрахмет Көшербаевтың есімін, №12 көшеге ҰОС ардагері Барат Туғанбаевтың есімін, № 13 көшеге ҰОС ардагері Мұқаш Қобдалиевтің есімін және 2 Ықшам аудандағы № 35 көшеге ҰОС ардагері Ашимбай Айтахуновтың есімін беру туралы мәселе қаралып, жергілікті қоғамдастықтың келісімі бойынша бір ауыздан жоғарыда аталған есімдер қолдау тауып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.