30 тамыз Конституция күні

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    30 тамыз Конституция күні
    ҚұттықтауАяқталды

    1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданды.

    Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп жариялайды.

    Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік шығу тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын келтірілген қылмыстық жазаға қарамастан, құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды қорлаудың кез-келген түріне тыйым салынады.

    Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің Негізгі заңын құрметтеп, сақтауы тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы және тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының дамуы мен тұрақтылығына, әл-ауқатының артуына ықпал етеді.

    Құрметті қазақстандықтар, Конституция күнімен құттықтаймыз!

    Бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және табыс тілейміз!

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    16 желтоқсан Тәуелсіздік күні

    Қазақстанның Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. "Қазақстанның Тәуелсіздік күнін" өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі тур...

    16 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    25 қазан Республика күні

    Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қ...

    25 қазан 2025 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    6 шілде Астана күні

    6 шілдеде Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 маусымдағы № 47-IV Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен белгіленген мемлекеттік мереке – Астана күні (Астана күні) атап өтіледі. Елорданы Алматыдан Қазақстанның орталығына көшіру «Қазақстан...

    6 шілде 2025 ж.Тікелей