Кеген ауданында «Саябақтар шеруі – 2025» экологиялық акциясы басталды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Кеген ауданының «Жастар» саябағында «Саябақтар шеруі – 2025» экологиялық акциясының ашылу салтанаты өтті. Аталған шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, аудан әкімдігі мен «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесе өткізді.

    Акцияның басты мақсаты – табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салу, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

    Іс-шара барысында саябақ аумағына 50 қайың мен 35 Шренк шыршасының көшеттері отырғызылды. Бұл өңірдің флорасын қалпына келтіруге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға қосылған нақты үлес болды.

    Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғау – барша қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Оның айтуынша, табиғатқа жанашырлық нақты әрекеттерден көрініс табуы тиіс.

    Шара барысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің директоры Бақыт Жүнісов, Кеген орман шаруашылығының басшысы Айболат Әскербекұлы және О. Жанабаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Ерасыл Баққожа өз ойларымен бөлісті. Олар мұндай бастамалардың жас ұрпақты табиғатты сүюге, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.

    Мереке шағын концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушылар арнайы белгіленген аумақтарға ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.

    Айта кетейік, «Саябақтар шеруі» акциясы аясында ағаш отырғызу, өзен-көл жағалауларын тазарту, балалар мен жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру бағытындағы шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

    Табиғаты бай, туризмге әлеуеті жоғары Кеген ауданы үшін осындай экологиялық акциялардың маңызы зор. Олар аймақтың табиғи мұрасын сақтап қана қоймай, тұрғындар мен қонақтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады. Табиғатты аялау – өңірдің туристік тартымдылығы мен экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор.

    Айта кету керек, «Саябақтар шеруі» алғаш рет 1990 жылы АҚШ-та бастау алып, бүгінде әлемнің көптеген елдерінде өткізіледі. Қазақстанда бұл акция 1996 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

    Көгалдандыру және абаттандыру

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Күндізгі уақытта суару және шлангтарды пайдалану тыйымы туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 Қаулысымен бекітілген Су пайдалану және су бұру жүйелерін пайдалану ережелерінің 17-бабына сәйкес, сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, қызмет көрсетуші ұйым жасыл желектер мен же...

    БасқаАяқталды

    «Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: бір күнде 30 тонна қалдық шығарылды

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік Іле өзені бойындағы жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетті Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда соңғы жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпенділер қаласы» мен «Тамғал...

    БасқаАяқталды

    Жалпы облыстық сенбілік

    2025 жылғы 12 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы облыстық сенбілік өткізілді. Сенбілікке 22 740адам және 2018 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Жалпы1 098 тонна қоқыс шығарылды. Тартылған техника саны – 321. 5 863ағаш отырғызылды. 6 779 көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулалары, 104т...