
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ағымдағы жылы 15 қыркүйек және 14 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның аумақтық органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.
Жоғарыда аталған комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты a [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.