"Е-өтініш" АЖ жиі қойылатын сұрақтар тізбесі

    ·

    Сұрақ: Салынған объектіні пайдалануға қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап :

    «Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау» Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Қазақстан Республикасы Заңының 11-тарауымен регламенттеледі.

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Заңның 11-тарауының 73-бабына сәйкес,

    Объектіні қабылдау мен пайдалануға беруді Тапсырыс беруші ол толық дайын болған кезде бекітілген жобаға сәйкес және келесі құжаттар бар болғанда жүргізеді:

    - Сәйкестік туралы декларациялар,

    - Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылар,

    - Орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігін растау.

    Салынған объектінің толық дайын екендігі құрылыс салуды ұйымдастыру қағидалары мен рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес айқындалады. Сәйкестік декларациясы, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытындылар және орындалған жұмыстардың жобамен сәйкес екені негізінде тапсырыс беруші мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалаулар қатысуымен міндетті түрде:

    - Техникалық құжаттаманың бар-жоғын және толықтығын тексереді;

    - Нысанды тексереді;

    - Объектіні пайдалануға дайындығын соңғы тексеру арқылы тиісті акт бойынша қабылдайды.

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Ашық бюджет 2027-2029 ж. , "Алматы облысының құрылыс басқармасы" ММ

    Жарияланды:
    Басқа

    "Е өтініш" АЖ жиі қойылатын сұрақтар

    Сұрақ: Құрылысты бастау үшін қандай рұқсаттар мен құжаттар қажет? Жауап: Құрылысқа бастау үшін рұқсатты әкімдіктен немесе eGov.kz арқылы алу қажет, сонымен қатар мына құжаттарды ұсыну керек: жерге құжаттар, жеке куәлік,...

    Жарияланды: