Аналитикалық анықтама
2026 жылғы II тоқсан ішінде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы мен ведомстволық архивтік мекемелер 7403 қызмет көрсетті. Оның ішінде:
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» - 0;
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» - 0
«Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» 5 (5жеке/ заңды тұлға);
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» – 7398, оның ішінде:
қағаз түрінде (АРМ арқылы) – 5506, оның ішінде:
жеке тұлғаларға – 4127;
заңды тұлғаларға – 1379;
электрондық форматта (СЭҚ арқылы) – 1892, оның ішінде:
жеке тұлғаларға – 1860;
заңды тұлғаларға – 32;
ХҚКО арқылы – 0; оның ішінде:
жеке тұлғаларға – 0;
заңды тұлғаларға – 0;
- Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың саны, барлығы - 0, оның ішінде:
электрондық нысанда - 0;
қағаз түрінде – 0.
Бекітілген Ішкі мемлекеттік бақылаудың жылдық жоспарына сәйкес басқармамен 1 бақылау іс-шарасы жүргізілді:
- «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Железин филиалында.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнаманың бұзушылығы анықталмады.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ұлғайту мақсатында архивке 5 ұсыныс берілді, 5 орындалды.
- Белгіленген мерзімдер бұзылған мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы - 0, оның ішінде:
қызмет көрсетушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде белгіленген мерзімдер бұзылған қызметтер, барлығы - 0:
«электрондық үкімет» (www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы электрондық түрінде белгіленген мерзімдер бұзылған қызметтер, барлығы – 0;
ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрінде белгіленген мерзімдер бұзылған қызметтер («электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz есептелмейді), барлығы – 0;
Мемлекеттік корпорация арқылы белгіленген мерзімдер бұзылған қызметтер, барлығы – 0;
- Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдардың саны – барлығы - 0, оның ішінде:
қағаз түрінде көрсетілгендер – 0;
электрондық түрінде, – 0;
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендер, барлығы – 00;
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде өткізілген түсіндіру шараларының саны – 38.
Ақсу филиалы «Архив құжаттар әлемі. Архившілермен кездесу». Қазақ зағиптар қоғамының мүшелері үшін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді- 1;
Ақсу филиалы Ақсу қаласы мен Ақсу ауданы архівшілеріне «Істер номенклатурасын жетілдіру және ведомстволық архив мамандарына Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізді – 1;
Ақсу филиалы Ақсу қаласы ХҚКО қызметкерлерімен Ақсу филиалының қорларын толықтыру туралы мәліметтер және «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары атты дөңгелек үстел өткізді -1;
Баянауыл филиалы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша архвшілерге семинар өткізді -1;
Павлодар аудандық филиалында Павлодар ауданының ХҚКО қызметкерлері үшін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет бойынша семинар өткізді -1;
«Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің филиалдарында (Ақсу, Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты филиалдары) аумақтық филиалдарының архившілеріне «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша заңнамалық базасында кейбір өзгерістер туралы тақырыбы бойынша семинарлар өткізілді.) -11;
II тоқсанда Павлодар облысының мемлекеттік архиві қызметкерлері электрондық пошта арқылы келіп түскен өтініштерге жауап ретінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мәселелері бойынша 22 түсініктеме берді: [email protected].
- Халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен қамту – 126: Ақсу филиалы «Архив құжаттар әлемі. Архившілермен кездесу» дөңгелек үстелінде қатысты- 12;
Ақсу қаласындағы «Істер номенклатурасын жетілдіру және ведомстволық архив мамандарына «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» семинары- 12;
Ақсу филиалы Ақсу қаласы ХҚКО қызметкерлерімен өткен дөңгелек үстел -21;
Баянауыл филиалының семинары- 4;
Павлодар аудандық филиалында Павлодар ауданының ХҚКО қызметкерлерімен өткен семинарға- 7;
«Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің филиалдарында (Ақсу, Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты) семинарлар- 48;
Мемлекеттік архив электронды пошта арқылы түсініктеме берді -22.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткен адамдардың саны – 0.