Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы

    ·

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын іске асыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» (бұдан әрі – Қағида) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 22.04.2026 жылғы №-25/1945-И хатын орындау мақсатында Комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 29.04.2026 жылғы №488 нқ бұйрығымен Департаменттің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге төмендегі құрамда жұмысшы тобы құрылып, ішкі талдау жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 01.01.2025-31.12.2025 жыл аралығы болып бекітілген.

    Комиссия құрамы:

    -К.Б.Асабаев - Департамент басшысының орынбасары, жұмыс тобының төрағасы;

    -А.Н.Байзакова – Департаменттің медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

    -С.Б.Маханов - Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

    -Р.Ө.Жорабек - Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

    - Б.Бекарысқызы – Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;

    -Ж.Б.Камал – Департаменттің бас маман – заңгері;

    -Р.Е.Зияда - Департаменттің медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;

    -Ш.А.Қыдырбай - Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;

    -Н.С.Бибатырова - Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;

    -М.Қ.Байкенже - Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі.

    Ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерге сәйкес төмендегідей ұсынымдар берілген:

    Департаменттің ұйымдастыру басқару жұмыстары және кадрлық жай күйі бойынша:

    - Е-Өтініш ақпараттық жүйесі арқылы түскен өтініштерге қатысты статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету, өтінішке қатысты деректерді оның ішінде берілген тіліне, өтініштің түріне және мазмұнына қатысты деректерді дұрыс таңдау және бақылауға алу;

    - Материалдық-техникалық жабдықталу бойынша ескірген, істен шыққан техникаларға ақау актісін әзірлеп, теңгерімнен шығару бойынша жұмысты қолға алу, қорытындысы бойынша Комитетке ақпарат жолдау;

    - Комитет тарапынан берілген VPN каналының жылдамдығын арттыру бойынша шараларды қабылдау;

    -Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігіне қатысты мерзімінен бұрын алу деректерін бақылауға алу;

    - Департамент ғимаратындағы Әдеп кодексінің мәтінін жаңарту;

    - Департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, тәуекелдерін анықтау, жолын кесу, болдырмау бойынша түсіндірме, ескертпе, құқықтық оқыту форматында іс-шаралар ұйымдастыру.

    Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің қызметі бойынша:

    -Медцициналық қызметті лицензиялау және маман сертификатын беру және т.б. бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерге қатысты Заңнама талаптарын қатаң сақтау бойынша оның ішінде ӘРПК-нің 73 бабында көрсетілген талаптары бойынша түсіндірме, ескертпе, құқықтық оқыту форматында іс-шаралар ұйымдастыру;

    -Бөлім басшысына бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін сақтау бойынша оның ішінде тіркеу, дәлелді бас тарту және т.б. бекітілген мерзімдерін сақтау бойынша бақылауды күшейту және жауапкершілшік жүктеу;

    -Қызмет алушылармен жиі жіберілетін қателіктер бойынша талдау, себебін анықтау және болдырмау мақсатында жұмыс жасау;

    -«Ашық есік» күні акциясын тұрақты негізде ұйымдастыру, консультативті кабинет жұмысын жетілдіру;

    -Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық стендтегі ақпараттар өзектендіру, ақпараттық мақалалар жариялау, кәсіпкерлермен семинар кеңестер ұйымдастыру және т.б.

    Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің қызметі бойынша:

    - Фармацевтикалық қызметті лицензиялау және маман сертификатын беру және т.б. бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да қызметтерге қатысты Заңнама талаптарын, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі оның ішінде ӘРПК-нің 73 бабында көрсетілген талаптары бойынша түсіндірме, ескертпе, құқықтық оқыту форматында іс-шаралар ұйымдастыру;

    -Бөлім басшысына бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін сақтау бойынша оның ішінде тіркеу, дәлелді бас тарту және т.б. бекітілген мерзімдерінсақтау бойынша бақылауды күшейту және жауапкершілшік жүктеу;

    -Қызмет алушылармен жиі жіберілетін қателіктер бойынша талдау, себебін анықтау және болдырмау мақсатында жұмыс жасау;

    -«Ашық есік» күні акциясын тұрақты негізде ұйымдастыру, консультативті кабинет жұмысын жетілдіру.

    -Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық стендтегі ақпараттар өзектендіру, ақпараттық мақалалар жариялау, кәсіпкерлермен семинар кеңестер ұйымдастыру және т.б.

    Медициналық қызметті бақылау бөлімінің қызметі бойынша:

    - Департамент қызметкерлерімен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің» талаптарына түсіндірме, ескертпе, құқықтық оқыту форматында іс-шаралар ұйымдастыру;

    -Бөлім құзыретіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді ашуда заңнама талаптарын сақтай отырып сапалы орындау, жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болған құжатта көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен немесе дәлелдерден тыс шығатын мәселелер немесе кезең бойынша тексеру тағайындауға жол бермеу;

    -Бөлімде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша түзілген актілерді таныстыру, құжаттар топтамасының толықтығы, реттілігін және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істері бойынша құжаттардың толық көлемде жинақталуын қамтамасыз ету.

    Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің қызметі бойынша:

    -Департамент қызметкерлерімен «Әкімшілік құқық бұзушылық -Департамент қызметкерлерімен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің» талаптарына түсіндірме, ескертпе, құқықтық оқыту форматында іс-шаралар ұйымдастыру;

    - Бөлімде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша түзілген актілерді таныстыру, құжаттар топтамасының толықтығы, реттілігін және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істері бойынша құжаттардың толық көлемде жинақталуын қамтамасыз ету.

    -Сотқа жолданған іс-құжаттардың толықтығын қамтамасыз ету, заңбұзушылықтарды сот отырысында дәлелдемелерге сәйкес негіздеу мақсатында сот отырысына Департаменттің заңгер маманымен бірлесіп қатысу.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 22 тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 маусым күні Департаменттің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша жария талқылау жүргізілді.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 2-қосымшасына сәйкес 07.07.2026 жылы Департамент басшысымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

    Жүктеу
    d46cc8cbeb110ae610947cba27371b70_original.21012.docx
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитет Комитет төрағасының 2026 жылғы 15 маусымдағы №272-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 4 шілдедегі № 330-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрығы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитет төрағасының 2026 жылғы 8 маусымдағы №267-НҚ «Бақылау жүйесі VERITAS Vision System» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Комитет төрағасының 2026 жылғы 17 маусымдағы № 277-НҚ «Вемлиди, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылғы 25 маусымдағы № 291-НҚ ««Танакан® ЕGb 761, ішке қабылдауға арналған ерітінді» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылғы 8 шілдедегі № 296-НҚ «Тенокс, таблеткалар, 5 мг, 10 мг» дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы бұйрығы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспары

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша іс-шаралар...

    Жарияланды: