Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    Ұлытау облысының әкімдігі

    № 1

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын

    сайлау туралы

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.

    Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.

    Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

    Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.

    Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.

    Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.

    Жаңару үшін дауыс бер!

    Қазақстан Республикасының

    Орталық сайлау комиссиясы

    Жүктеу
    a178e7b1596774f7d080eed59fd655be_original.16187.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Шетелде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне...

    Ұлытау облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру

    № 4 Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себ...

    Ұлытау облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушыларға арналған Call-орталықтар

    Сайлаушыларға арналған Call-орталықтар

    Ұлытау облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша...

    Ұлытау облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган ж...

    Ұлытау облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы «20» маусымдағы жағдай бойынша Ұлытау облысының әкімдігінің ақпараты

    Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы «20» маусымдағы жағдай бойынша Ұлытау облысының әкімдігінің ақпараты 2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексін, Қазақстан Республикас...

    Ұлытау облысының әкімдігіЖарияланды: