ХАТТАМА
жергілікті қоғамдастықтың жиналысы Аманкелді ауылдық округі
Ленин ауылы 2026 жылғы 29 мамыр
Өткізілетін орны: ауылдық клуб сағат 11-00
Қатысқандар: 8 адам
Жиналысты Аманкелді ауылдық округінің әкімі А.С.Шарманова ашты:
Құрметті жиналыс мүшелері! Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында Аманкелді ауылдық округі тұрғындарының жиналысы өткізіледі. Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.Төрағаны таңдау қажет.
Қандай ұсыныстар болады?
Мұқсунов Ж.Қ.: Қарыбаев Қуаныш Қайыржанұлын төраға етіп сайлауды ұсынамын.
Ауылдық округ әкімі: Тағы да ұсыныстар бар ма?
Егер жоқболса, ұсынылғанкандидатурағадауысберудіұсынамын.
Кімқолдайды?
Бірауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалысқалғандаржоқ.
Ауылдық округ әкімі: Хаттама жүргізу үшін жиналыстың хатшысын сайлауды ұсынамын Каменчук С. Басқа ұсыныстар бола ма?
Басқа ұсыныстар? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Егер жоқболса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.
Кім қолдайды?
Бір ауыздан.
Қарсы - жоқ
Қалыс қалғандар жоқ.
Қ.Қ. Қарыбаева мен С.А. Каменчуктен өз міндеттеріне кірісуін сұраймын. Сөз жиналыс төрағасына беріледі.
Жиналыс төрағасы:
Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес,Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысы Регламентінің 4-тармағының 2-тарауы, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-13-8 шешімімен, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 48-14-8 «Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешімімен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізіледі. Жиналыстың күн тәртібінде Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «Ертіс ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 155-47-8 шешіміне, оның ішінде Аманкелді ауылдық округінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралады. Жиналыстың күн тәртібіне дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім қолдайды? Бір ауыздан. Қарсы – жоқ Қалыс қалғандар жоқ.
Жиналыс төрағасы:
Жиналыстың күн тәртібі бекітіледі. Аманкелді ауылдық округінің әкімі А.С. Шармановаға сөз беріледі Құрметті жиналысқа қатысушылар! Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауылдық округінің бюджетін нақтылау жүргізіледі. Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Сіздердің қарауларыңызға Аманкелді ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша ұсыныс енгізіледі.
Бюджеттің кіріс бөлігінде жыл соңына дейін өз кірістерінің нақты және күтілетін түсімдерін ескере отырып, мынадай БСК бойынша жылдық жоспар:
Үлкейту:
- 104501 «Бірыңғай жер салығы» 5965 мың теңге;
Кішірейту:
- 101202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» 2333 мың теңгеге;
- 105310 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» 13 мың теңгеге;
Бюджеттің шығыс бөлігі 4896 мың теңгеге, жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен 1277 мың теңге сомасында, сондай-ақ өз кірістерінің жоспардан тыс түсімдері есебінен 3619 мың теңге сомасында ұлғайтылсын және мынадай бюджеттік бағдарламаларға бағытталсын:
- 124007015 «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру» - Ленин ауылында орналасқан 7 жер учаскесін ресімдеу үшін 770 мың теңгеге;
- «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» 124008015 1277 мың теңгеге, оның ішінде 702,0 мың теңге ауылдық округ көшелерін жарықтандырудың электр энергиясына ақы төлеуге; жарықдиодты прожекторларды ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеуге 575,0 мың теңге;
- «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» 124009015 2414 мың теңге Ленин селосындағы қоқыс үйіндісінің периметрі бойынша бұрғылау жұмыстарын жүргізуге;
- «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» 124011015 435 мың теңге Аманкелді а/о сыртқы бақылау камераларына қызмет көрсету бойынша қызметтерге.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Сізден Аманкелді ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетін келесі көлемдерде келісуіңізді сұраймын:
1) кірістер - 56253 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 16751 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 39502 мың теңге;
2) шығындар - 57530 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - нөлге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1277 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -1277 мың теңге.
Жиналыс төрағасы:
Баяндамашыға сұрақтар қойыла ма? Сұрақ жоқ.
Құрметті жиналысқа қатысушылар! Аманкелді ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетін енгізілген өзгерістерді ескере отырып келісуді сұраймын.
Кім қолдайды? Бір ауыздан. Қарсы – жоқ Қалыс қалғандар жоқ.
Аманкелді ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетіне енгізілетін өзгерістер келісілді.Жиналыстың күн тәртібі аяқталды. Жиналысты жүргізу бойынша қандай ескертулер, ұсыныстар болады?Жиналысты жабық деп есептеуге рұқсат етіңіз. Қатысқаныңыз үшін рахмет. Сау болыныз.
Жиналыс төрағасы Қ.Қ. Қарыбаев
Жиналыс хатшысы С.Каменчук