Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру және бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органның нақтыланған бюджеті туралы мәліметтердің ресми порталда орналастырылғаны туралы жұртшылықты хабардар етеді.
Елорданың басты қаржылық құжатына өзгерістер Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 416/54-VIII «Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIII «Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес енгізілді.
Халық пен мүдделі тараптар үшін ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген бюджеттік бағдарламаларға тікелей сілтемелер жарияланды. Атап айтқанда, азаматтар 003 «Аумақтық органның және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары» бағдарламасының параметрлерімен таныса алады.
Бағдарламаның егжей-тегжейімен «Ашық бюджеттер» порталында танысуға болады: 003 бюджеттік бағдарламасы (Күрделі шығыстар)
Бұл мәліметтерді орналастыру азаматтардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы бюджет қаражатының қалай жоспарланатыны және жұмсалатыны, сондай-ақ елордалық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мен дамыту туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.