| Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2026 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы
І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 661(100%) (жеке тұлға –509, заңды тұлға – 152) және қағаз түрінде – 0 (жеке тұлға-0);Оның ішінде: ІI санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру– 65;Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру –56 ;Ағаш кесу және орман билетін беру – 477;Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 39;Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 14;Кең іздеушілікке арналған лицензия беру – 1;Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға рұқсат беру – 9. 2026 жылдың сәуір-маусым айлары кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінің және «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. ІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы Басқарманың ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарына сәйкес, ІІ тоқсанда Басқармаға қарасты Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде тексеру жүргізіліп, мекеменің жауапты маманы біліктілік арттыру курстарынан өтті. ІІІ. Түсіндіру жұмыстары туралы Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қатысты орман шаруашылығы мекемелері бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерді және ресми сайттарда «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы мақалалар (16 түсіндіру жұмыстары) жариялады.Басқармаға қарасты Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты маманы мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курсынан өтті. |