Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

    ·

    Хабарландыру

    жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

    Ақмола облысы Полиция департаменті ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

    Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

    ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Полиция департаментінің номенклатурасына, және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Ақмола облысы Полиция департаментіне үлгіге сәйкес баянат және "Құжаттамалық" жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

    ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

    - ПД аппаратына – C-SVО-3, C-SVО-4, C-SVО-5, C-SVО-6 санаты;

    - ҚАПБББ – C-SVR-2, C-SVR-3, C-SVR-4 (бөлім бастығы), C-SVR-5 (бөлімше бастығы), C-SVR-6 (бөлімше бастығының орынбасары), санаты;

    Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер ұсынылмайды:

    1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

    2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

    3) оларға қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізу уақытында.

    Сұрақтар туындаған жағдайда ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының қызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады, каб. № 46, 48, анықтама телефондары 8 (7162) 29-10-42, 29-11-00, 29-10-41,

    29-10-86, 29-10-83, 29-10-65, 29-10-39, 29-10-36.

    Ескертпе:жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

    Ақмола облысы ПД ЖҚЖБ

    Ақмола облысы ПД

    бастығы

    полиция генерал-майоры

    Н. М.Мукашевқа

    Баянат

    Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

    ____________________

    (лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

    Жүктеу
    2e09ecaf78449ce02c6dd145f99d4428_original.26702.docx
    DOCX · 26 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Конкурстар

    Бос тұрған лауазымдарды иелену үшін байқау

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысы полиция департаменті, 020000, Көкшетау қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 35-А, анықтама үшін телефон: 29-10-86, 29-10-36, 29-10-39, 29-10-65, 29-10-83, 29-11-00 бос...

    Жарияланды: