БЕКІТЕМІН
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы
_____________ Н. Егембердиев
«____» __________ 2026 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды
жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ |
Анықталған тәуекел |
Жою жөніндегі іс-шара |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Күтілетін нәтиже |
1 |
Басқармаға қарасты мекемелердің «E-Otinish» ақпараттық жүйесін қызметтік хат алмасу үшін пайдалануы |
«E-Otinish» АЖ пайдалану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
2026 жылғы III тоқсан |
Басқарманың жауапты маманы, бағынысты мекемелердің басшылары |
Қызметкерлердің жүйені дұрыс пайдалануы қамтамасыз етіледі |
2 |
«E-Otinish» жүйесінде қызметтік хаттарды тіркеу салдарынан статистикалық мәліметтердің бұрмалануы |
Қызметтік хат алмасуды электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүргізуді міндеттеу |
2026 жылғы III тоқсан |
Басқарма басшысының орынбасары, құрылымдық бөлімше басшылары |
Қызметтік хаттар мен азаматтардың өтініштері ажыратылады |
3 |
«E-Otinish» жүйесін пайдалану тәртібіне ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі |
Бағынысты мекемелерде тоқсан сайын мониторинг жүргізу және нәтижесін қарастыру |
Тұрақты |
Басқарманың жауапты маманы |
Бұзушылықтардың алдын алу қамтамасыз етіледі |
4 |
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің әзірленбеуі, келісілмеуі, бекітілмеуі және олардың орындалуына мониторингтің болмауы |
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу, уәкілетті органмен келісу, облыстық мәслихатқа бекітуге енгізу, сондай-ақ олардың орындалуына тұрақты мониторинг пен жыл сайын талдау жүргізу тәртібін енгізу |
2026 жылғы IV тоқсан |
Басқарма басшылығы, Кең таралған пайдалы қазба байлықтарды пайдалану, экологиялық сараптама және су қорғау бөлімі |
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әзірленіп, белгіленген тәртіппен бекітіледі және олардың орындалуына тұрақты мониторинг жүйесі қалыптастырылады |