Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

    ·

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
    Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
    2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Департамент бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
    Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
    1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
    ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
    - ПД аппаратына C-SVО-6 санаты;
    - аудандық полиция басқармаларында С-SVR-5 санаты;
    - Патрульдік полиция полкіне C-SSР-5 санаты;
    - Жылдам қимылдайтын арнайы жасағына C-SN-7 санаты (командирлік құрам);
    - Оқу-жаттығу взводына C-SN-4 санаты.
    2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
    3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
    Сұрақтар туындаған жағдайда ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының қызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады, каб. №122, анықтама телефоны 97-65-37.

    Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

    Шымкент қаласы Полиция
    департаментінің бастығы
    полиция генерал-майоры
    М. Қожаевқа


    Баянат

    Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.


    ____________________________________
    (лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)