Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

    ·

    Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

    Орталық сайлау комиссиясының

    ҮНДЕУІ

    ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

    2026 жылғы23тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.

    Сіздерді еліміздің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға және конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз.

    Сіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруыңыздың кепілі - Сіздің Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқылы сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз.

    Сайлаушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарыла отырып, енгізіледі.

    Сайлау учаскелерінің шекаралары және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 16 шілдеге дейін жариялайтын болады.

    Сіз өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға жүгініп, өзіңіздің сайлау учаскеңізді және тізімге енгізілгеніңізді тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

    Сізге ыңғайлы болу үшін, жазғы демалыс факторын ескере отырып, Сіздің есептен шығару куәлігін алу және өз елді мекеніңізден тыс жерде дауыс беру мүмкіндігіңіз бар.

    2026 жылғы 7 тамыздан бастап өзіңіздің сайлау учаскеңізде Сізге Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Өзгерістер енгізу немесе нақтылау қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    САМАР АУДАНЫ САРЫБЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

    САМАР АУДАНЫ САРЫБЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ № 831 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: Сарыбел ауылы, Ыбрай Алтынсарин көшесі, № 11, ауылдық клуб ғимараты, телефоны: 8(72333) 24-6...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    САМАР АУДАНЫ БОЙЫНША САРЫБЕЛ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    САМАР АУДАНЫ БОЙЫНША САРЫБЕЛ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ № 831учаскелік сайлау комиссиясының ҚҰРАМЫ Сарыбел ауылы, Ыбрай Алтынсарин көшесі, 11, Ауылдық клуб ғимараты Комиссия төрағасы: Смагулов Арсен Кумарх...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    САМАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    САМАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Самар ауылы, Букетов тұйық көшесі, 68. Комиссия төрайымы:Курмангалиева Айгуль Мукатаевна Төрағаның орынбасары :Чкартова Айгуль Камигожановна Комиссия хатшысы:Сафарова...

    Жарияланды:
    Жоспар

    2026 жылғы 20 тамызға тағайындалған Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Сарыбел ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Жарияланды:
    Қаулы

    Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Сарыбел ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындау туралы

    ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ 2026 жылғы 12 тамыз № 2 Самар ауданы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Сарыбел ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикас...

    Жарияланды:
    Қаулы

    Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Сарыбел ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

    ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ 2026 жылғы 12 тамыз № 1 Самар ауданы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Сарыбел ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қаза...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Қаулы

    Самар ауданының аумағында ортақ су пайдалану су объектілерінде шомылуға, шағын көлемді кемелермен жүзуге, ауыз су қажеттіліктері үшін су алуға және мал суаруға тыйым салынған орындарды белгілеу туралы

    Самар ауданының аумағында ортақ су пайдалану су объектілерінде шомылуға, шағын көлемді кемелермен жүзуге, ауыз су қажеттіліктері үшін су алуға және мал суаруға тыйым салынған орындарды белгілеу туралы

    Жарияланды: