Есіл ауданы бойынша 2026 жылдың қантар-маусымайлары
аралығындажеке және заңды тұлғаларды қабылдау жөніндегі
жұмысты талдау
2026 жылдың қантар-маусым айлары аралығында Азаматтарды қабылдау орталығына 277 адам жүгінді.
Оның ішінде:
Консультациялар – 176;
Жеке қабылдаулар –101.
Консультациялар мемлекеттікқызметтерді алу мәселелері
бойынша болды:
білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын алуға өтінім беру,
жеке және заңды тұлғалар үшін электрондық-цифрлық қолтаңба алу,
мобилді азаматтар базасында тіркеу,
анықтамалар алу, балабақшаларға кезекке қою.
Сот кабинеті арқылы:
некені бұзу және алимент өндіру туралы арыз беру.
«Электрондық лицензиялау» арқылы:
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайданалуға рұқсат беру;
сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (түпнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін беру;
тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.
Жеке қабылдауға жүгінгендердің ең көп саны:
мемлекеттік тұрғын –үй қорынан үй алуға кезекте тұрған азаматтардан тұрғын үй алу; сумен жабдықтау: үйге су тарту; көшелерді жарықтандыру,
жолдарды асфальттау, жер пайдалану, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша кредит беру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит алу, көтерме жәрдемақылар және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша.
Электронды (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде:
-ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
-жер учаскелерін жеке меншікке сату ақысы бірден төленіп не төлеу мерзімі ұзартылып сату;
-жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Жеке қабылдауға арналған барлық өтініштер бастапқы сипатқа ие.
Қайталанған өтініштер мемлекеттік қызметтерді алу туралы.
Өткен кезеңде Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы
шағымдар түскен жоқ.