Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама және ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    ·

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    «Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    Жаңарық ауылдық округі 07.07.2026 жыл

    КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметі табылады.
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
    3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ауылдық округ әкімінің 2026 жылғы 29 маусымындағы № 20 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

    Абдыкалыков Бауыржан Орынбасарович

    -

    Жаңарық ауылдық округі әкімі, жұмысшы топ жетекшісі

    Тайшықов Досмұхамбет Кенжеахметұлы

    -

    Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман заңгері, хатшысы

    Махмұд Мұхамед-Али Әбдіхалықұлы

    -

    Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман, топ мүшесі

    Халжигитовна Дилбар

    -

    Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізушісі, топ мүшесі

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылдың 1шілдесі мен 2026 жылдың 10 шілдесі аралығында жүргізілді.
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2025 жылғы
      1 шілдесімен мен 2026 жылғы 30 маусымы аралығындағы кезең қамтылды.
    3. Жаңарық ауылдық округінің әкімі Б. Абдыкалыков топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

    СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

    1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    1) Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты КММ – нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2)Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты КММ – нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    1. Талданатын объект туралы мәліметтер:

    «Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

    Мекен-жайы: Жаңақорған ауданы, Жаңарық а/о, Қожантайұлы Жанай № 12.

    III. Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Конституциясын, кодекстерін, заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін реттейтін ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды зерделеді. Жаңарық ауылдық округі әкімі аппараты өз қызметінде мынадай негізгі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

    Қазақстан Республикасының Конституциясы;

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

    Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары;

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы;

    «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңы;

    «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары»;

    • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі №434 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары»;
    • Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының ішкі ұйымдастырушылық құжаттары.

    НҚА талдау жүргізу нәтижесінде қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықталмады.

    ІІІ.Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

    3.1Кадрлық құрам бойынша:

    Жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен: Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппаратында 2025 жылы бекітілген құрылымға сәйкес қызметкерлер саны 11 бірлікті құрайды, оның ішінде:

    Мемлекеттік қызметшілер саны – 4 бірлік;

    Штаттан тыс қызметкерлер саны – 4 бірлік;

    Кіші (тех) қызметкерлер саны – 3 бірлік;

    2025 жылы кадрлық құрамда онын алған өзгерістер:

    Аты-жөні

    Қабылданған / босатылған кездегі қызметі

    Мерзімі

    1

    Макышева Кулдана

    Еден жуушы

    02.07.2025 ж

    № 25-жқ

    Жұмыстан босату туралы

    2

    Камалова Мейрамгул

    Еден жуушы

    08.07.2025 ж

    № 27-жқ

    Жұмысқа қабылдау туралы

    3

    Камалова Мейрамгул

    Еден жуушы

    03.11.2025 ж

    № 29-жқ

    Жұмыстан босату туралы

    4

    Дюсебаева Алмагул Хамаровна

    Еден жуушы

    03.11.2025 ж

    № 30-жқ

    Жұмысқа қабылдау туралы

    Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппаратында 2026 жылы бекітілген құрылымға сәйкес қызметкерлер саны 11 бірлікті құрайды, оның ішінде:

    Мемлекеттік қызметшілер саны – 4 бірлік;

    Штаттан тыс қызметкерлер саны – 4 бірлік;

    Кіші (тех) қызметкерлер саны – 3 бірлік;

    2026 жылы кадрлық құрамда онын алған өзгерістер:

    Аты-жөні

    Қабылданған / босатылған кездегі қызметі

    Мерзімі

    5

    Кулатаев Серикбай Садвакасович

    Әкім

    11.02.2026 ж

    № 4-жқ

    Өкілеттік мерзімін тоқтату туралы

    6

    Ахметов Берик Жумадиллаевич

    Қарауыл

    13.03.2026 ж

    № 4-жқ

    Жұмыстан босату туралы

    7

    Ыдырысов Самат Накыпович

    Көлік жүргізуші

    31.03.2026 ж

    №5-жқ

    Басқа лауазымға ауыстыру туралы

    8

    Абдыкалыков Бауыржан Орынбасарович

    Бас маман

    10.04.2026 ж

    №12- жқ

    Жұмыстан босату туралы

    9

    Абдыкалыков Бауыржан Орынбасарович

    әкім

    13.04.2026 ж

    №АСК-250 қаулы

    2026 жылғы 12 сәуірде тағайындалған Жаңарық ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысын анықтау және жариялау туралы

    10

    Нурымбетов Ербол Самович

    Көлік жүргізуші

    27.04.2026 ж

    №7 – жқ

    Жұмысқа қабылдау туралы

    11

    Махмұд Мұхамед-Али Әбдіхалықұлы

    Жастар ісі жөніндегі әдіскер

    05.05.2026 ж

    №14 – жқ

    Жұмыстан босату туралы

    12

    Махмұд Мұхамед-Али Әбдіхалықұлы

    Бас маман

    05.05.2026 ж

    №15-жқ

    Жұмысқа қабылдау туралы

    13

    Ибадуллаев Жандаулет Әбдікаламұлы

    Жастар ісі жөніндегі әдіскер

    08.05.2026 ж

    №8 – жқ

    Жұмысқа қабылдау туралы

    Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

    2025 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында Жаңарық ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылған жоқ.

    2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскері Ж. Ибадуллаевқа ресми ақпараттарды «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшада белгіленген мерзімде жарияламауына байланысты 2026 жылғы 9 маусымдағы №9-жқ өкіммен тәртіптік жаза қолданылды.

    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде мекеме қызметкерлерінің әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтар жасағаны анықталған жоқ.

    2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 30 маусым аралығында Жаңарық ауылдық округі әкімі аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелмеген, сыбайлас жемқорлыққа байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе сотта қаралған істер болған жоқ.

    Кадрлық мәселелерді ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет өткеру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жоқ.

    Ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар мен лауазымды тұлғалар анықталған жоқ.

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу

    2025 жылы және 2026 жылдың 01 қаңтар - 30 маусым аралығында мекемеде мүдделер қақтығысы орын алмаған.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сай көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік органдардар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде толық және анық ақпарат ұсынады.

    Заңнама талаптарына сәйкес,мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын қызмет алушыларға ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының көрнекі орынға орналастырылған.

    Жер қатынастарына байланысты түскен өтініштер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

    2025 жылдың 01 шілдесі мен 31 желтоқсан аралығында Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты КММ тарапынан 3 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

    2026 жылдың 01 қаңтар - 30 маусым аралығында 3 мемлекеттік көрсетілген.

    VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратымен рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.

    VІІ. Бақылау функцияларын іске асыру.

    2025 жылы ауыл әкімімен 10 шешім, 54 өкім қабылданған.

    2026 жылы ауыл әкімімен есептік кезеңде 6 шешім, 53 өкім қабылданды.

    VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

    2025 жылғы есептік кезеңде игерілу туралы мәліметтер (Жаңарық

    а/о, мың теңге)

    Бөлінген қаржы – 157 046,1 мың теңге

    Игерілген қаржы – 157 026,9 мың теңге

    Игерілмеген қаржы – 121,1 мың теңге

    2026 жылғы есептік кезеңде игерілу туралы мәліметтер (Жаңарық

    а/о, мың теңге)

    Бөлінген қаржы – 85 058,0 мың теңге

    Игерілген қаржы – 46 426,0 мың теңге

    Игерілмеген қаржы – 13,5 мың теңге

    IX.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

    2025 жылдың ішінде Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 65 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. 2026 жылдың есептік кезеңінде 24 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.

    Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

    Бөлімде «Е-Өтініш», «Е-Архив», «Е-Қызмет», «Е-Лицензия» «Еnbek.kz» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері пайдаланылады.

    ХІ. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

    11.1 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:

    Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтар мен ұйымдардың арыз-шағымдары уақытылы қаралып, жауаптар қайтарылуда. Ай сайын тиісті органға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, есепке алу бойынша салыстырмалы акті есебі тапсырылуда. Есепті мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіліп, ай сайын Аудан әкімі аппаратына жолданып отырады. 2025 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша барлығы - 4 өтініш тіркелді, оның ішінде 2 өтініш түсіндірілді6 2 – өтініш қанағатандырылды. 2026 жылы есептік кезеңде барлығы - 12 өтініш тіркелді, оның ішінде 12 өтініш қанағаттандырылды. Әкім аппаратының ғимаратында лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері үшін азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшік орнатылған, хаттардың түсуі бақылануда. Есепті мерзімде сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылық туралы арыз-шағымдар түспеген.

    11.2 Құжат айналымы бойынша (2025-2026ж ж).

    2025 жылдың есепті кезең ішінде жалпы құжат айналымының саны 998 (оның ішінде, кіріс – 542, шығыс –456) құрады.

    2026 жылдың есепті кезеңінде жалпы құжат айналымының саны 433 (оның ішінде, кіріс – 241, шығыс – 192) құрады.

    11.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:

    «Жаңарық ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру бағытында тұрақты түрде ұйымдастыру-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

    Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстары, қызметтік кеңестер және профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

    Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, азаматтарды қабылдау кестесі, сенім телефоны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық материалдар қолжетімді жерлерге орналастырылған.

    Ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы ақпараттық материалдар жарияланып отырды.

    Есепті кезеңде өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар:

    2025 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан аралығында – 1 іс-шара;

    2026 жылғы 1 қаңтар – 30 маусым аралығында – 2 іс-шара.

    Ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Алдағы кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жалғастыру ұсынылады.

    ҰСЫНЫМ

    Ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағанымен, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру ұсынылады.

    ҰСЫНЫМДАР:

    1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша:

    1.1. Мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау, Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.

    1.2. Мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік қаражатты игеру және құжат айналымы салаларында ішкі бақылауды тұрақты жүргізуді қамтамасыз ету.

    1.3. Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық материалдарды тұрақты жариялап отыру.

    1. Ішкі талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп, оның орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу.

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Жұмыс тобы мүшелері:

    Ауылдық округі әкімі Б. Абдыкалыков

    Бас маман заңгер Д. Тайшықов

    Бас маман М. Махмұд

    Іс жүргізуші Д. Халжигитова

    Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

    Жаңарық ауылдықокругінің

    әкімі Б. Абдыкалыков

    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау
    жүргізудің үлгілік қағидаларына
    1-қосымша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

    Анықталған жоқ

    Анықталған жоқ

    Анықталған жоқ.

    Анықталған жоқ

    Ескерту: Ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар анықталған жоқ.

    С ыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау
    жүргізудің үлгілік қағидаларына 2-қосымша

    Бекітемін

    Жаңарық ауылдық округінің әкімі
    __________Б. Абдыкалыков

    «__»___________2026 жыл

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    «Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

    р/с

    Ұсыным

    Іс-шара

    Іс-шараны аяқтау нысаны

    Орындау

    шылар

    Іс-шараны орындау мерзімі

    1

    Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету

    Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізу

    Семинар хаттамасы

    Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман заңгері Д.Тайшықов

    2026 жылғы III-IV тоқсан

    2

    Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мониторинг жүргізу

    Мониторинг қорытындысы (анықтама)

    Д.Тайшықов

    М. Махмұд

    Тоқсан сайын

    3

    Мемлекеттік сатып алу және бюджеттік қаражаттың жұмсалуына ішкі бақылауды күшейту

    Мемлекеттік сатып алу рәсімдері мен бюджеттік қаражаттың игерілуіне ішкі бақылау жүргізу

    Қызметтік анықтама

    М.Махмұд

    Н.Аширбекова

    Тұрақты

    4

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

    Әлеуметтік желілерде және ақпараттық тақталарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық материалдарды тұрақты жариялау

    Жарияланымдар, фотоесеп

    Ж.Ибадуллаев

    Тұрақты

    5

    Ішкі талдау нәтижесінде берілген ұсынымдардың орындалуын бақылау

    Іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу

    Ақпараттық анықтама

    Жұмыс тобы

    Жыл қорытындысы бойынша

    Сыбайлас жемқорлық
    тәуекелдеріне ішкі талдау
    жүргізудің үлгілік қағидаларына
    3-қосымша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:
    01.07.2026 - 10.07.2026 жыл

    Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні: 07.07.2026 жыл

    р/с

    Ұсыным

    Іс-шараларжоспарынасәйкесаяқтаунысаны

    Ұсынымныңорындалуытуралыақпарат

    1.

    Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу

    Семинар өткізу, хаттама

    Орындалуда. Жоспарға сәйкес түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілетін болады.

    2

    Мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу және бюджеттік қаражаттың игерілуіне ішкі бақылауды күшейту

    Мониторинг нәтижесі бойынша анықтама

    Орындалуда. Ішкі бақылау тұрақты жүргізіліп, заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүзеге асырылады.

    3

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру

    Ақпараттық жарияланымдар, фотоесеп

    Орындалуда. Әлеуметтік желілерде және ақпараттық тақталарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар тұрақты жарияланып отырады.

    4

    Ішкі талдау нәтижесінде берілген ұсынымдардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу

    Ақпараттық анықтама

    Орындалуда. Ұсынымдардың орындалуы жұмыс тобының бақылауында болады.

    Жүктеу
    Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в коммунальном государственном учреждении «Аппарат акима Жанарыкского сельского округа» и План мероприятий по устранению причин и условий, способствующих возникновению коррупционных рисков.
    DOCX · 64 КБ
    Жүктеу