«Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының 13-бабына, 14-5-бабының 3-тармағына және "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 106 бұйрығына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсынуға міндетті:
ФУ-1. Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, бір рет 10 шілдеге дейін және екінші рет 10 қаңтарға дейін;
ФУ-2. Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, бірінші рет 10 шілдеге дейін және екінші рет 10 қаңтарға дейін;
ФУ-3. Пестицидтерді, биоагенттердің сақтау туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;
ФУ-4. Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: ай сайын ААИ-ға, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 10-ына дейін;
ФУ-5. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін.
Есептіліктерді «ҚР АШМ АӨК МИК Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» ММ Боровское ауылы, Летунов көшесі-9, жұмыс тел. 8(71443)2-40-68, ұялы тел. 87472353919, Электрондық мекенжайы: [email protected] бойынша ұсыну қажет.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес, фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.