Қарабалық аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабына сәйкес.
Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Шешімнің жобасын қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарды туындатпайды.
Шешімнің жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлісінде
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15866487 жарияланған.