Қарабалық аудандық мәслихатының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 257 «Мәслихаттың 2023 жылғы 29 қарашадағы № 64 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабына сәйкес.
Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Шешімнің жобасын қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарды туындатпайды.
Шешімнің жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлісінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15863966 жарияланған.