2026 жылғы 05 шілдеде Май ауданы Қаратерек, Көктүбек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Қаратерек ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне 401 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 231 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
Қаратерек ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Бейсембаева Самал Ерсаинқызы үшін сайлаушылардың 15 дауысы берілді,
Шыбынаев Марс Зарлықанұлы үшін сайлаушылардың 212 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 4.
Сайлау қорытындысы бойынша Қаратерек ауылдық округінің әкімі болып Шыбынаев Марс Зарлықанұлы сайланды. Ол 1976 жылы туған, Б.Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС объектілерді күзету жөніндегі өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Екібастұз қаласының тұрғыны.
Көктүбек ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне 2699 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1380 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 54 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
Көктүбек ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Масугутов Мақсұт Балтабекұлы үшін сайлаушылардың 332 дауысы берілді,
Отаров Сағдат Бақытұлы үшін сайлаушылардың 989 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 48.
Сайлау қорытындысы бойынша Көктүбек ауылдық округінің әкімі болып Отаров Сағдат Бақытұлы, 1978 жылы туған, Павлодар қаласы "Батыр" БЖСМ КММ басшысы, Май аудыны Көктөбе ауылының тұрғыны.
Майаудандық аумақтық сайлау комиссиясы