ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 5 шілдесінде Сырым ауданы Елтай сайлау округі бойынша Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Елтай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 201 азамат енгізілді, оның – 122 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 1, «Барлығына қарсы» - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Камалов Т.Е. - 9 (7,69%);
Құлтемір Р.Қ. - 96 (82,05%);
Сагингалиев Т.Ж. - 12 (10,26%).
Құлтемір Райымбек Қайырбекұлы Елтай ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1996 жылы туған, Сырым ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.