2026 жылдың 5 шідеде Теректі ауданының Шағатай сайлау округі бойынша Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 980 азамат енгізілді, оның – 399 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 21, «Барлығына қарсы» - 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Каюпов Б.Т. - 112 (30,60%)
Мутиев Р.Т. - 227 (62,02%)
Тельжанова А.А. - 27 (7,38%)
Шағатай ауылдық округінің әкімі болып Мутиев Рустем Сейтонович, 1977 жылы туған, Шағатай ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шағатай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы