Бастапқы кәсіптік даярлауға іріктеу

    ·

    Хабарландыру

    Ақмола облысы ТЖД, 020000, Көкшетау қ. Ауельбекова 87,электрондық мекенжайok_dchs[email protected] анықтама үшін телефон: (8-716-2-25-19-25), азаматтық қорғау органдарына түсетін тұлғаларды бастапқы кәсіптік даярлауға іріктеу туралы хабарлайды:

    1. Өрт-сөндіруші құтқарушысыС-SV-13 санаты (8 бірлік)
    • Көкшетау қаласы ТЖБ № 1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (1 бірлік);
    • Көкшетау қаласы ТЖБ № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік);
    • Степногорск қаласы ТЖБ № 3 дырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік);
    • Бурабай ауданы ТЖБ № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (1 бірлік);
    • Ақкөл ауданы ТЖБ № 26 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (1 бірлік):
    • Шортанды ауданы ТЖБ № 18 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (1 бірлік).

    Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты - 192189 теңгеге дейін + арнайы атағы.

    Функционалдық міндеттері: жеке құрамды және өрт сөндіруші заттарды өрт және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына дер кезінде және қауіпсіз жеткізу. Өзіне бекітілген автомашинаның техникалық ақаусыз жағдайын қамтамасыз ету.

    Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы отыз бес жастан аспаған азаматтар, сонымен қатар мерзімді әскери қызметін өткерген, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткеруден шақыртуы кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі ортадан төмен емес, орта сынып автомобилдерінде жүргізу тәжірибесінің болуы, бойы 165 см-ден төмен емес.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) белгіленген үлгідегі өтініш;

    2) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 3 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама;

    3) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 4 қосымшаға сәйкес толтырылған кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен телефоны көрсетілген)

    4) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 2 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде қолмен және терілген түрде толтырылған толық автобиографиясы;

    5) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;

    6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың кітапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырылған (болған жағдайда);

    7) әскери билеттің немесе шақырту учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі, нотариалды куәландырылған;

    8) соңғы жұмыс істеген орыннан (қызмет еткен) мінездеме (жұмыс өтілі бар болғанда) және әскери қызмет орнынан мінездеме;

    9) 3x4 үлгідегі төрт фотосурет;

    10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлға ретінде куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    11) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

    12)білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақ беру, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар және басқа құжаттардың көшірмесі) (болған жағдайда);

    13) спорттық разрядының болуын растайтын құжаттар (егер болса).

    Құжаттарды кадр қызметтері Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін нысаналы немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы қаблыдайды.

    Аталмыш құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, оларды қабылдау комиссия қараудан бас тартуға негіз болады.

    Құжаттарды қабылдау іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күнінен кейін тоқтатылады.

    Қабылдау комиссия отырысына қоғамдық бірлестік бақылаушылары қатысатын болады.

    Іріктеуге қатысу үшін жұмсалатын барлық шығындар азаматтардың өздерінің ақша қаражаты есебінен жұмсалады.

    Кандидаттардың құжаттары Ақмола облысы ТЖД, Көкшетау қ. Ауельбекова 87, мекен-жайы бойынша қабылданады, тел.: 8-(7162) 25-19-25

    Жүктеу
    aa8d20cf41db8e62a54364754538a8a0_original.18051.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Кесте

    Азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыстуралы есеп

    Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2026 жылғы 2 тоқсанжеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыстуралы есеп 2026 жылы 6 айына Ақмола облысының Төтенше...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге үміткерлердің және дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілгендердің тізімі

    Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге үміткерлердің және дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілгендердің тізімі («ӨС және АҚЖҚ» РММ өрт-сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі лауазымына) 08 қараша 2024 ж....

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге үміткерлердің және дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілгендердің тізімі

    Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге үміткерлердің және дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілгендердің тізімі («ӨС және АҚЖҚ» РММ өрт-сөндіруші құтақрушы лауазымына) 08 қараша 2024 ж. г.Көкшетау Қойшы...

    Жарияланды: