Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

    ·

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

    Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2022 жылғы 15 қараша №207 бұйрығына (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүргізіледі.

    Конкурс өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымының бос 19 бірлігіне жарияланады: Петропавл қаласының ТЖБ 1-МӨСБ – 1 бірлік, Петропавл қаласының ТЖБ 3-ӨСБ – 3 бірлік, Петропавл қаласының ТЖБ 4-ӨСБ – 1 бірлік, Петропавл қаласының ТЖБ 5-МӨСБ – 1 бірлік, Аққайын ауданының ТЖБ 9-ӨСБ – 1 бірлік, Мағжан Жұмабаев ауданының ТЖБ 12-ӨСБ – 2 бірлік, Жамбыл ауданының ТЖБ
    11-ӨСБ – 2 бірлік, Тайынша ауданының ТЖБ 14-ӨСБ - 1 бірлік, Қызылжар ауданының ТЖБ 13-ӨСБ 25-ӨСБ – 1 бірлік, Тайынша ауданының ТЖБ 14-ӨСБ 26-ӨСБ – 1 бірлік, Тайынша ауданының ТЖБ 14-ӨСБ 27-ӨСБ – 2 бірлік, Тимирязев ауданының ТЖБ
    18-ӨСБ - 1 бірлік, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ТЖБ 19-ӨСБ 16-ӨСБ – 1 бірлік., Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ТЖБ 20-ӨСБ 16-ӨСБ – 1 бірлік.

    Ескертпе: Кандидаттарды іріктеу 2026 жылдың екінші жыртыжылдығына
    ҚР ТЖМ қызметкерлерін алғашқы кәсіби даярлау курстарының жоспар-графигіне сәйкес жүзеге асырлады, тапсырыс бойынша – 5 бірлік. Әңгімелесу кезінде кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағында ең жоғары балл жинаған кандидаттар алғашқы оқуға жіберіледі.

    Санаты С-SV-13. Лауазымдық келісімді жалақысы құқық қорғау органдарындағы еңбек өтіліне байланысты 153 432 теңгеден бастап 187 522 теңгеге дейін. Келесі әлеуметтік топтамасы бар: лауазымдық келісімді жалақысы көлемі қызмет өтілі мен арнайы әскери атағына қарай уақтылы және тұрақты еңбекақысы, мансаптық өсуі, тұрғын үй төлемдері, СҚО ПД емханасында қызметкерлер мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкерлерге отыз күнтізбелі күн ұзақтығымен беріледі (демалыстың ұзақтығы қызмет ету жылдарына қарай ұлғаяды) сауықтыру жәрдемақысы екі лауазымдық келісімді жалақы мөлшерінде төленеді. Арнайы атағын ескеріп, зейнетақыға 48 жастан бастап шығады.

    Негізгі функциялық міндеттері:

    Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

    Білімі – ортадан төмен емес. Жасы – 35 жастан аспаған. Бойы – кем дегенде 165 см. Әскери билеттің немесе тіркеу куәлігінің болуы.

    Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

    « Құқық қорғау қызметі туралы » Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 06 қаңтардағы Заңының 17-бабына сәйкес. Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулер:

    1. Қызметкердің:

    1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестіктерді құруға;

    2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

    4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

    5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

    6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

    7) лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға;

    8) пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға;

    9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ.

    1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардағы өзінің меншігіндегі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті құқық қорғау қызметін өткеру уақытына сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті, бұған өзіне заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын нотариат куәландыруға тиіс.

    Қызметкердiң сенiмгерлікпен басқаруға берiлген мүлiктен, оның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар түрінде табыс алуға, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыстар алуға құқығы бар.

    1. Осы бапта көзделген шектеулерді сақтамағаны үшін жауапкершілік осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен белгіленеді.

    « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 12-бабы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

    1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:

    1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

    2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

    3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

    4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;

    5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

    1. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.
    2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.
    3. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
    4. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына осы адамның әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін ұсынылатын материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді алуға, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, құқылы емес.

    Ескертпе: Осы Заңда осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері деп оның жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар түсініледі.

    1. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей, олардың шотына келіп түскен ақша, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады.

    Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға сыйлықтың алынғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс.

    Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.

    Құжаттарды СҚО ТЖД кадрлік қызметі жүзеге асырады: Петропавл қ., Ғ. Мүсірепов көшесі 32 «А» мекенжайы бойынша ұсынылуы керек. Анықтама үшін телефондар: 8 (715-2) 52-26-36, электрондық поштасы: [email protected] , қабылдау уақыты: сағат 09:00 - 18:30 арасында (сағат 13:00 -14:30 арасында түскі үзіліс).

    Азаматтық қорғау органдарына қабылданатын тұлғалар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары

    Құжаттарды қабылдау мерзімдері: 2026 жылғы 06 шілдеден 17 шілдеге дейін
    (10 жұмыс күн).

    Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар СҚО ТЖД кадрлік қызметіне Ережелердің 23-тармағында көрсетілген, қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде, қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы тігетін мұқабатысқа салынған құжаттарын тапсырады:

    Кандидат мынадай құжаттарды тапсырады:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

    2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;

    2-1) тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігінің немесе оның электрондық нысанының көшірмесін, егер үміткер жүргізуші лауазымдарына өтініш берсе;

    3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);

    4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

    5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

    6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

    7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

    8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

    9) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

    10) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

    11) спорттық разрядтың бар екендігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).

    Құжаттарын толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

    Үміткердің барлық құжаттарын тізбеге сәйкес тапсырған соң, кадрлік қызметі оларды 3 жұмыс күн ішінде зерделеп қарастырады, содан кейін үміткерге екі жұмыс күн ішінде психикалық-физиологиялық тексеруден және әскери-дәрігерлік комиссиясының (СҚО., Петропавл қ., Алматы к-сі,55-үй мекенжайында орналасқан Полиция Департаментінің госпиталінде) куәландыруынан өту үшін жолдамалар береді.

    Үміткер медициналық куәландыру аяқталғандығы туралы СҚО ТЖД кадр қызметіне хабарлайды.

    Медициналық және психикалық-физиологиялық куәландырудың оң нәтижесі алынған жағдайда үміткерлер Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік қызметке қабылданатын азаматтарды арнайы міндетті тексеруін жүргізу үшін кадр қызметтеріне тиісті құжаттарды тапсырады. Құжаттар тапсыру сәтіне үміткер ешбір ұйымның және/немесе мекеменің қызметкері болмауы тиіс.

    Конкурстық іріктеуден өткен кандидаттар алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді, ол оқу орталығында оқытуды және тағылымдамадан өтуді қамтиды.

    «ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» Көкшетау қ. Оқу орталығы (бұдан әрі – Көкшетау қ. Оқу орталығы) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев к-сі., 9 мекенжайында орналасқан.

    Көкшетау қ. Оқу орталығына алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушысы өзімен бірге алып келу қажет:

    1) жеке куәлігі;

    2) іскерлік стильдегі киімі;

    3) спорттық форма және аяқ-киім;

    4) жеке гигиена заттары;

    5) жазу құралдары болуы керек.

    Тыңдаушыларға оқу орталығында оқу кезеңінде жатақхана беріледі, сондай-ақ тамақпен қамтамасыз етіледі.

    Даярлықтың өрт сөндіруші-құтқарушы бағытынан азаматтық қорғау бөлімшелері қызметкерлері үшін оқу мерзімі 26 күнтізбелі күнді құрайды ( 2026 ж. 03.08 - 2026 ж. 28.08 аралығында).

    Тыңдаушылармен келісім-шарт жасалады.

    Жүктеу
    efa74bfa95278ab639d7e2611b392b4f_original.29110.docx
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

    Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Департаменттің бөлімшілерімен және «МАО» ММФ жедел шығулары мен жүргізген авариялық-құтқару жұмыстары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі"

    Жарияланды:
    Жоспар

    Мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспары

    Жарияланды:
    Шешім

    ШЕШІМ 2026 жылғы 26 мамырдағы «Жүргізушілер» санаты бойынша бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу бойынша «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің іріктеу комиссиясының отырысы

    ШЕШІМ 2026 жылғы 26 мамырдағы «Жүргізушілер» санаты бойынша бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу бойынша «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар деп...

    Жарияланды:
    Басқа

    Азаматтық қорғаныс жөніндегі топтарға жатқызылған Солтүстік Қазақстан облысы қалаларының тізбесі

    Жарияланды:
    Жоспар

    Азаматтық бюджет қаржыландыру жоспары

    Азаматтық бюджет қаржыландыру жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың тізімі

    Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың тізімі

    Жарияланды: