Фейк онлайн-жеткізіліммен байланысты алаяқтық фактілер жиілеп кетті

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

    Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы тауарларды онлайн-жеткізумен байланысты алаяқтық деректерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді.

    Алаяқтық схемасы қалай жұмыс істейді

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан онлайн-шопинг көлемі бойынша ТМД кеңістігіндегі көшбасшылар қатарына енді. «CEOWORLD» онлайн-сервисінің деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың электрондық платформалар арқылы жасаған сатып алуларының үлесі 32%-ды құрады.

    Онлайн-сатып алулар танымалдылығының артуы аясында алаяқтар да белсенділік танытуда. Олар азаматтарға телефон соғып, өздерін курьер, жеткізу қызметінің маманы немесе интернет-дүкендер мен танымал маркетплейстердің қызметкері ретінде таныстырады және олардың атына қандай да бір тауарды жеткізу рәсімделгені туралы хабарлайды.

    Сөйлесу барысында алаяқтар сенімге кіру үшін клиенттің дербес деректерін атауы мүмкін және тапсырысты алу, тауарды жеткізуді растау немесе маркетплейс жүйесінде тапсырыстан бас тарту үшін SMS-хабарламамен келген кодты айтуды сұрайды.

    Егер азамат жеткізілімді күтпейтінін немесе онлайн-сатып алулар жасамағанын түсіндірсе, алаяқтар оған психологиялық қысым көрсетеді: тауардың қоймада ақылы сақталатынын, тапсырыстан бас тартқаны үшін айыппұл салынатынын немесе жеткізуден бас тартуды шұғыл растау қажеттігін хабарлайды.

    SMS-кодты хабарлау арқылы азамат іс жүзінде алаяқтарға өзінің жеке аккаунттарын басқаруға рұқсат береді. Кейіннен алаяқтар ақшалай қаражатты жымқырып, сондай-ақ онлайн-несиелер рәсімдеуі мүмкін.

    Есіңізде болсын!
    Маркетплейстердің, жеткізу қызметтерінің және банктердің қызметкерлері телефон арқылы, оның ішінде тауарды жеткізуді растау үшін SMS-кодтарды ешқашан сұрамайды.

    Азаматтардан қырғалық танытуды және келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:

    - SMS-хабарламалармен келген кодтарды ешкімге хабарламау;

    - Күдік туындаған жағдайда сөйлесуді дереу тоқтатып, ресми байланыс арналары арқылы маркетплейске тікелей хабарласу;

    - Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына жедел түрде жүгіну.

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

    Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

    ҚР БПЖарияланды:
    Бұйрық

    Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

    Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

    ҚР БПЖарияланды:
    Халықаралық құжат

    Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы

    Қазақстан Республикасы менПәкістан Ислам Республикасы арасындағы ұстап берутуралышартты ратификациялау туралы

    ҚР БПЖарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингілеу және құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33 бұйрығына және «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының норма шығармашылық қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингілеу және құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жыл...

    ҚР БПЖарияланды:
    Бұйрық

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының және бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының және бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

    ҚР БПЖарияланды:
    Бұйрық

    Инвесторлардың жүйелік проблемалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы

    Инвесторлардың жүйелік проблемалар тізілімін қалыптастыружәне жүргізу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы

    ҚР БПЖарияланды:
    Бұйрық

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныңкейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ҚР БПЖарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Бас прокуратураның 2026 жылғы 1 шілдедегі бюджет қаражатының атқарылуы (млн тенге)

    Бас прокуратураның 2026 жылғы 1 шілдедегі бюджет қаражатының атқарылуы (млн тенге)

    ҚР БПЖарияланды: