2026 жылға арналған 2026 жылғы24 маусымдағы азаматтық бюджетті нақтылау

    ·
    2026-2028 жылдарға арналған "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" ММ азаматтық бюджеті
    Облыстық мәслихаттың 24.06.2026 ж. №329 "2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешімі негізінде 2026 жылға арналған "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" ММ азаматтық бюджеті келесі бағдарламалар бойынша атқаруға қабылданды :
    млн.теңге
    Бағдарлама Атауы 2026 жыл
    БАРЛЫҒЫ: 6 873,572
    1 719001 Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер. Штат кестесі мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде бағдарлама 28 бірлік мемлекеттік қызметші мен 5 бірлік Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеуді, 2 бірлік қызметтік көлік құралын ұстауды, кеңсе тауарларын және басқа да ағымдағы шығыстарды сатып алуды қаржыландыруды көздейді. 230,409
    2 719008 Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету. Шығыстар биотермиялық шұңқырлардың толып кетуін бақылауды, санитариялық тәртіпті сақтауды, дезбарьердің дұрыс жұмыс істеуін, рұқсатсыз кірудің алдын алуды, мүкәммалдың сақталуын қоса алғанда, мал қорымдарын күтіп-ұстау жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау үшін жоспарланады. 14,641
    3 719009 Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша ауру жануарларды ауылдық елді мекендерден санитарлық сою үшін өнеркәсіптік өңдеу кәсіпорындарына тасымалдауға арналған шығыстар көзделген. 26,143
    4 719010 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру. Қаңғыбас және қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауға. 5,859
    5 719011 Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу. Анықталған ауру мал үшін иелеріне өтемақы төлеу көзделген. 70,000
    6 719013 Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу.Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін. 227,787
    7 719014 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу. Ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау және диагностикалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін. 2 987,029
    8 719015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Мал қорымдары мен ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттер үшін модульдік ғимараттарды сатып алуға. 3 086,000
    9 719028 Уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер. Ветеринариялық препараттарды сақтау шарттарын бұзбай белгіленген мерзімде жеткізуді қамтамасыз ететін мамандандырылған көлік қызметтеріне ақы төлеуге. 2,990
    10 719031 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу)). А/ш жануарларға арналған есепке алу бұйымдарын (биркаларды) сатып алуға. 96,563
    11 719033 Қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу қызметтеріне. 8,000
    12 719113 Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер. ҚР "жануарларға жауапты қарау туралы" Заңының 9-бабының толықтыруларына байланысты, онда қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру жөніндегі құзыреттер аудандардың, облыстық және Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары арасында бөлінген. Қаражат қаңғыбас және қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау, сәйкестендіру, зарарсыздандыру және вакцинациялау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. 118,151
    Жүктеу
    721bba719f14dfae0486520c7dca4dc8_original.127474.pdf
    PDF · 124 КБ
    Жүктеу
    f0d74bd52d1228bbe893cefd25109306_original.125533.pdf
    PDF · 123 КБ
    Жүктеу