«Атырау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    Атырау қаласының әкімдігі

    «Атырау ауылдық округі әкімі аппараты»

    мемлекеттік мекемесінің

    ЕРЕЖЕСІ

    Атырау қаласы

    1

    Атырау қалалық әкімдігінің

    2019 жылғы «____» _____________

    №_____ қаулысымен бекітілген

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің 2018 жылғы

    2 наурыздағы №93 қаулысымен

    бекітілген мемлекеттік орган

    туралы үлгі ережеге сәйкестендірілген

    «Атырау ауылдық округі әкімі аппараты»

    мемлекеттік мекемесінің

    ЕРЕЖЕСІ

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Атырау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) жергілікті атқарушы орган функцияларын жүзеге асыру мақсатында құрылған, тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында мемлекеттік басқару саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
    3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
    4. Мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

    Мекеменің құрылтайшысы – Атырау қалалық әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.

    1. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    2. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    3. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    2

    1. Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    2. Мекеменің орналасқан жері: Атырау облысы, Атырау қаласы, Атырау ауылы, Қадірәлі Балманов көшесі, №62 үй. Пошталық индексі - 060018.
    3. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде: «Атырау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима Атырауского сельского округа».
    4. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
    5. Мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

    Мекемеде қаржы көзі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлікке тиісті қаражатымен субсидиялық жауапты болады.

    1. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    2-тарау. Мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары

    мен құқықтары

    1. Мекеменің миссиясы:

    Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында мемлекеттік басқарудың міндеттерін орындауды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

    Мекеме қызметінің мәні: ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

    1. Мекеменің міндеттері:

    1) Мекеме басшысы – ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - Әкім) Әкімнің нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету;

    2) Әкімнің шешімдерін және өкімдерін қабылдау, оларды тиісті ұйымдар мен азаматтарға уақытылы жеткізу;

    3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыстық және қалалық әкімдіктердің қаулыларын, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    3

    4) Әкімнің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, келіп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қызметін қамтамасыз ету, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

    5) Әкімнің қатысуымен өтетін отырыстарды, мәжілістерді, семинарларды өткізуді қамтамасыз ету;

    6) мемлекеттік мекеме әкімшісі болып табылатын қалалық бюджеттік бағдарламаларды бекіту үщін қалалық әкімдіктің қарауына әзірлеу және енгізуді қамтамасыз ету;

    7) өз округ аумағында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру, өз құзіреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

    8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;

    9) өз құзіреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау;

    10) округ аумағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

    11) өз құзіреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекемелердің даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарау, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда келісу және бекіту;

    12) өз құзіреті шегінде коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және коммуналдық мемлекеттік мекемелердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    13) округ аумағындағы акционері мемлекет болып табылатын басқармаға қатысты денсаулық сақтау саласындағы ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

    14) округ аумағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;

    15) қалалық қаржы бөліміне коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта қоюға келісім беру;

    4

    16) ауылдық округ аумағындағы өз құзіреті шегінде коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыру;

    17) өз құзіреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;

    18) өз құзіреті шегінде коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;

    19) өз құзіреті шегінде денсаулық сақтау саласында коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу;

    20) өз құзіреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекіту;

    21) өз құзіреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беру;

    22) қалалық қаржы бөлімінің келісімі бойынша коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру;

    23) өз құзіреті шегінде акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда, мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындау, ал мемлекет қатысаты өзге де акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директорлар кеңестеріне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсыну;

    24) өз құзіреті шегінде қаржы бөлімінің өкілін мемлеке қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз ету;

    25) өз құзіреті шегінде мәліметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындау;

    26) өз құзіреті шегінде ауылдық округ әкімі аппаратына қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісу;

    27) Мекемеге тиесілі коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз және кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;

    28) өз құзіреті шегінде Мекемеге тиесілі коммуналдық мүлікті жекешелендіруді және теңгерімнен шығаруды жүзеге асыру;

    5

    29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    1. Мекеменің функциялары:

    1) өз құзыреті шегінде жергілікті қоғамдастық жиынын, қала, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

    2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

    3) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және қала әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

    4) ауылдық округтің жергілікті бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

    5) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына ауылдық округ әкімінің бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

    6) округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

    7) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

    8) Әкімнің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

    9) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

    10) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

    11) мүлкі ауылдық округ әкімінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

    12) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округ әкімінің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

    13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

    6

    14) мүлкі ауылдық округ әкімінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

    15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

    16) экономикалық-әлеуметтік үрдістерді басқаруды жүзеге асырудың болашақта дамуын талдау жасау, әлеуметтік бағытталған экономиканың бағдарламаларын жүзеге асыру және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттің саясатын жүзеге асырады;

    17) Әкімнің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етеді, хаттардың және арыздардың, қызметтік құжаттардың, уақытылы қаралуын және орындалуын қамтамасыз етеді және азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

    18) ауылдық округтегі кадрлық саясатты жүзеге асырады;

    19) Әкімнің және оның аппаратының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария етеді, олармен өзара қарым-қатынасты ұйымдастырады, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатқа түсінік береді;

    20) елді мекен жерлерінде мал жаятын, қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын алаңға орындарды айқындайды, шекарасын белгілейді және жеке, заңды тұлғаларға әр түрлі мақсатта жер учаскесін бөлу жұмыстарын ұйымдастырады;

    21) елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастырады;

    22) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу және тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;

    23) тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы баламалы негізде және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін, мектепке деінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою және жолдама беруді ұйымдастырады;

    24) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

    25) жергілікті өзін-өзі басқарудың иеленуіне берілген мектепке дейінгі тәрбие (балабақшалар) және мәдени демалыс (мәдениет үйлері) саласында қызмет атқаратын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерінен мүлікті жалдаудан түскен табыс табады;

    27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді.

    16-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

    7

    1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

    2) егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

    3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының ақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    4) мүлкі ауылдық округ әкімінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

    5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады.

    6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

    7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

    8) қала әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

    9) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

    10) мүлкі ауылдық округ әкімінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

    11) мүлкі ауылдық округ әкімінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік

    8

    мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

    12) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

    13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

    14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

    15) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    16-2. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі:

    1) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

    2) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

    3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

    4) шарттар, келісімдер жасасуға;

    5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен лауазым иелерінен, басқа да ұйымдардан және азаматтардан өз функциясын орындауға қажетті ақпарат сұрауға, аппаратттың құзырына жататын мәселелерді дайындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

    6) заңнамамен белгіленген тәртіпте барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан заңнамаға сәйкес қажетті ақпаратты, құжаттарды, материалдарды ауылдық округ әкімінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратып алуға;

    7) ауылдық округ аумағында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-бап «Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу» (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 144-бап «Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану» (1 (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын құрылғылары бөлігінде) және 2-бөліктерінде), 146-бап «Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру», 147-бап «Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау», 204-бап «Белгіленбеген орындарда сауда жасау», 320-бап «Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу» (5,6 және 7-бөліктерінде), 339-бап «Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін

    9

    пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы» (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 386-бап «Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу», 408-бап «Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу», 409-бап «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу» (8, 9, 10 және 11-бөліктерінде), 505-бап «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» баптарында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

    8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

    16-3. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

    1) Қазақстан Республикасының Конституциясы талаптарын және заңнамасын сақтау;

    2) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

    3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

    4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

    5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтау;

    6) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

    7) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

    8) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету;

    9) ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін, әкімдік басшылығымен өткізілетін мәжілістерді, басқа да шараларды қамтамасыз ету;

    10) ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күресуде қажетті шараларды қолдану және ол үшін бағдарламалар жасақтау, ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмыстарын ұйымдастыру;

    10

    11) ауылдық округ аумағында белгіленген талаптарға сәйкес шаралар ұйымдастыруға және орындауға;

    12) тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзіреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

    13) тиісті саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау;

    14) тиісті саласындағы коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    15) мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асыру;

    16) осы Ережеде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    3-тарау. Мекеменің қызметін ұйымдастыру

    1. Мекемедегі басшылықты Әкім жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
    2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    3. Әкімнің орынбасары болған жағдайда оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретін белгілейді.
    4. Әкімнің өкілеттігі:

    1) заңнамаларда белгіленген тәртіпке сәйкес Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;

    2) Қала әкіміне штат саны шеңберіндегі штаттық кесте бойынша, бөлінген еңбекақы төлеу қоры шеңберінде Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстемеақы және қосымша ақы төлеу, сыйақы беру мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;

    3) Мекеменің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

    4) өз өкілеттігіне сәйкес шешімдер мен өкімдер қабылдайды және Мекеме бойынша нұсқауларды бекітеді;

    5) қызметтік құжаттарға қол қояды;

    6) сот және басқа да органдарда Мекеменің мүддесін қорғау мақсатында Мекеменің мамандарына сенімхат береді;

    7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    11

    1. Әкім құзіретіне Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
      23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, мыналар жатады:

    1) заңнамаға сәйкес шарттар жасау;

    2) өз құзіреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдау, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар беру;

    3) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;

    4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу;

    5) Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;

    6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конститутциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына орындауына жәрдемдесу;

    7) өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

    8) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз ету;

    9) шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу;

    10) өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    11) нотариалдық іс-қимылдар жасауды ұйымдастыру;

    12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

    13) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

    14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

    15) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастыру;

    16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

    12

    17) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс- шаралар өткізуді ұйымдастыру;

    18) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;

    19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру;

    20) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

    21) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

    22) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру;

    23) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру;

    24) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

    25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

    26) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қалалық мәслихат сессияларының жұмысына қатысу;

    27) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

    28) өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу;

    29) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

    30) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

    31) ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру;

    32) Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңда көзделген шаралар қолдану;

    33) учаскелік полиция инспекторларының ерікті көмекшілерінің жұмысын ұйымдастыру;

    34) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасау және бекіту;

    35) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беру;

    36) кіріс көздерін қалыптастыру;

    13

    37) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдау;

    38) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында кесілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекіту;

    39) елді мекеннің жерлерінде мал жайылымы орындарын белгілеу;

    40) елді мекендер аумағындар санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру;

    41) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда, бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысымен аймақта карантин немесе шектеу қоятын іс-шаралар белгілеу туралы шешім қабылдау;

    42) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысына қарай карантин немесе шектеу қоютын іс-шараларын алу туралы шешім қабылдау;

    43) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ветеринарлық пунктерді қызмет бөлмелерімен қамтамасыз ету;

    44) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округ әкімінің құзырына жатқызылған басқа да мәселелерді шешу.

    1. Әкім өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жасауға, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптарын орындауға және заң қызметтері мен кадр, бақылау, басқа да қызметтерді осыған тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
      Мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде міндеттеме Әкімге жүктеледі және ол бұл үшін дербес жауанкершілікте болады.
    2. Өз округі аумағында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
      30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 165, 300, 311 және 387 баптарында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға құқылы.
    3. Өз округі аумағында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
      23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес ұйымдастыру шараларын орындауға міндетті.
    4. Мекеменің жұмыс режимі:

    Мекеме жұмысы аптасына 5 (бес) күн, демалыс (сенбі, жексенбі күндері) және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

    14

    4-тарау. Мекеменің мүлкі

    1. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.
    2. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
    3. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    4. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
    5. Мекеме таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүзеге асырылады.

    5-тарау. Мекеменіқайта ұйымдастыру және тарату

    1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    6-тарау. Мекеменің Ережесіне толықтырулар

    мен өзгерістер енгізу тәртібі

    1. Мекеменің Ережесіне толықтырулар мен өзгерістер Құрылтайшының актісімен енгізіледі және заңда белгіленген мерзім ішінде жергілікті Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткізіледі.

    7-тарау. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәлімет

    1. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, Мекеме филиалдар мен өкілдіктер аша алмайды.

    8-тарау. Қорытынды ережелер

    1. Осы Ереже оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды күшіне енеді.
    Жүктеу
    Положение
    Положение
    DOC · 123 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 1 шілде жағдайына қалалық бюджеттің түсімдері туралы ақпарат

    2026 жылдың 1 шілде жағдайына қалалық бюджеттің түсімдері туралы ақпарат

    Атырау қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Атырау қаласының маусым айына әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

    Атырау қаласының маусым айына әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

    Атырау қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ереже

    «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

    «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

    Атырау қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Үгіттік бaспa материалдар орналастыру үшін орындар

    Атырау қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасының жаңартулары

    QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасының жаңартулары

    Атырау қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сaйлaу комиссияларының құрaмы

    «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституция...

    Атырау қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сaйлау учaскелерінің орнaласқан жері мен шекарaлары

    Сайлау учаскелерінің орналасқан орындары мен шекаралары №1 сайлауучаскесі Орналасқан орны: Атырау қаласы, Мұқағали Мақатаев көшесі, құрылыс 61, Жалпы білім беретін №4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің ғимараты, телефо...

    Атырау қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры бос лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

    Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры бос лауазымына орналасуға арналған конкурст...

    Атырау қаласының әкімдігіЖарияланды: