Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 26/41 қаулысына қосымша
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын
сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
1. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын, олардың орналасқан жерлерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 11 шілдеден кешіктірмей (13-б. 4-т.) 2. Сайлау учаскелерінің шекаралары және сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзім ішінде 2026 жылғы 16 шілдеден кешіктірмей (23-б. 5-т.) | |
3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 16 шілдеден кешіктірмей (17-б. 2-т.) | |
4. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына партиялық тізімдерді ұсыну | |
Саяси партияның жоғары органы 2026 жылғы 13 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (87-б.) | |
5. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштерімен бірге ұсыну | |