Қонаев қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауының №74 ХАТТАМАСЫ

    Қонаев қаласы мәслихатының аппараты

    Қонаев қаласы мәслихатыныңәлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегітұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауының

    №74 ХАТТАМАСЫ

    Қонаев қаласы

    «2» шілде 2026 жыл

    Отырыс төрағасы – Игисенов Иманғали Рақымбердіұлы, қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы .

    Хатшы – Аметова Мейіргүл Жолдасбайқызы, «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы .

    Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауына қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімшілік өкілдері, қала ақсақалдары кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді қала тұрғындары қатысты.

    Күн тәртібі:

    1. Қонаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау және жаңа атау беру туралы.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Мұстафаға берілді. А.Мұстафа өз сөзінде Қонаев қаласындағы бірқатар көшелердің атауларын ретке келтіру, атаусыз көшелерге атау беру мәселесі бойынша ұсыныстарды таныстырды.

    Атап айтқанда, 10 шағын аудандағы Центральная көшесіне Нұрлыбай Абайұлдановтың есімін беру, сондай-ақ «Восточный» шағын ауданындағы атаусыз көшелерге Сырлыөзен, Жайлыкент, Ынтымақ, Саржайлау, Өрлеу, Мұра, Қоңыржел, Бірлік, «Арна» шағын ауданындағы атаусыз көшелерге Өскенөңір және Сәулетті атауларын беру ұсынылғаны баяндалды.

    Талқылау барысында көпшілік тыңдауға қатысушылар ұсыныстар бойынша өз пікірлерін білдірді.

    Күн тәртібіндегі мәселені талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия төрағасы И.Игисенов қатысушыларға ұсынылған мәселелер бойынша шешім қабылдауды ұсынды:

    1. 10 шағын аудандағы Центральная көшесіне Нұрлыбай Абайұлдановтың есімін беру туралы ұсынысты қолдау.
    2. «Восточный» шағын ауданындағы атаусыз көшелерге:

    - Сырлыөзен;

    - Жайлыкент;

    - Ынтымақ;

    - Саржайлау;

    - Өрлеу;

    - Мұра;

    - Қоңыржел;

    - Бірлік атауларын беру туралы ұсынысты қолдау.

    1. «Арна» шағын ауданындағы атаусыз көшелерге:

    - Өскенөңір;

    - Сәулетті атауларын беру туралы ұсынысты қолдау.

    1. Қонаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау және жаңа атау беру туралы мәселені қалалық мәслихат сессиясының қарауына шығару.

    Шешім көпшілік тыңдау қатысушылары тарапынан қолдау тапты.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, осы көпшілік тыңдау хаттамасы белгіленген тәртіппен Қонаев қаласы мәслихатының және әкімдігінің интернет-ресурстарында жариялануға жатады.

    Төраға И. Игисенов

    Хатшы М. Аметова

    Жүктеу
    0b13831d68ee8270e803d365bbc0e4ba_original.481341.pdf
    PDF · 470 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Жоспар

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Қонаев қаласы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Анықтама

    31.12.2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    31.12.2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    Қонаев қаласы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Жоспар

    Қонаев қаласы Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары

    Қонаев қаласы Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналғанжұмыс жоспары

    Шешім

    № 70-237. «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 тамыздағы «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы №70-237 шешімі

    Шешім

    № 70-236. Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Қонаев қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 16-50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 тамыздағы Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Қонаев қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 16-50 шешіміне өзгеріс...

    Шешім

    № 70-235. Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 11 ақпандағы «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру Кеңесінің құрамын бекіту туралы» №59-197 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 тамыздағы Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 11 ақпандағы «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру Кеңесінің құрамын бекіту тур...

    Шешім

    № 70-234. Қонаев қаласы маслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы «Қонаев қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» №64-219 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 тамыздағы Қонаев қаласы маслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы «Қонаев қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия...

    Шешім

    № 70-233. Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» № 60-203 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 тамыздағы Қонаев қаласы мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы «Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қ...