2026 жылдың I жартыжылдығы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп!

    ·

    ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі болып табылады.

    Горняцк кенті әкімі аппаратының ғимаратында азаматтар үшін қолжетімді жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы ақпарат орналастырылған, сондай-ақ халыққа электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік беретін «Электрондық үкімет» порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар.

    Горняцк кенті әкімі аппаратының ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі бар, онда көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, қағидалар орналастырылған.

    2026 жылдыңI жартыжылдығында келесі қызметтер көрсетілді: «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 1 қызмет, «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 1 қызмет, «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 1 қызмет. Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алудағы жалпы қолжетімділігі болып табылатынын атап өту қажет.

    Қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, кемшіліктерді жою және проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі мақсатты жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақтылығы мен сапасы өлшемшарттары бойынша мемлекеттік органдар қызметінің көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

    Жүктеу
    73defc091557a84c4dda66c5b3ed9bf1_original.16041.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу