Қазақстанда қандай мемлекеттік қызметтер онлайн режимінде қолжетімді болады

    ·

    ХҚКО-ға жүгіну санын азайту мақсатында, ҚР сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ең көп сұранысқа ие 10 мемлекеттік қызметке реинжиниринг жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде вице-министр Дмитрий Мун мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

    Бүгінде мемлекеттік органдармен бірлесіп оларды автоматтандыру және баламасыз онлайн-форматқа көшіру бойынша жол карталары әзірленді.

    Бірінші кезеңде 3 танымал қызмет іске қосылды:

    Жеке куәліктерді ауыстыру - «электрондық үкімет» порталы және Egov mobile қосымшасы арқылы жеке куәліктерді ауыстыру процесі енгізілді. Пилоттық жоба мамыр айында іске қосылды, оны жыл соңына дейін басқа да танымал кіші түрлерге тарату және НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
    ЭЦҚ беру - бизнес-процесс өзгертілді және биометриядан өту мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, енді бұл қызмет онлайн режимінде ғана қолжетімді болады. Мұндай жағдайлар бойынша ХҚКО-ға модерациядан өту мүмкіндігі сақталған.
    Жүргізуші куәліктерін беру - жүргізуші куәліктерін ауыстыру онлайнда толыққанды іске асырылды, бастапқы емтиханға жазба арқылы өтінімдер беру Астанада бастапқы ұшқыш аясында іске қосылды, ҚР бойынша масштабтау жақын арада жоспарланып отыр.

    Алдағы уақытта іске қосылатын тағы 3 қызмет түрі бар: көлікті тіркеу (автосалондардан автокөлікті бастапқы тіркеу), тұрғылықты жері бойынша тіркеу және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау.

    Қалған 4 қызмет - жылжымайтын мүлікті тіркеу, шетелдіктерге ЖСН қалыптастыру, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және кадастрлық паспорттар беру жыл соңына дейін іске қосылады.

    Барлық 10 қызметті іске қосқаннан кейін және оларды қағаз жүзінде көрсетуді алып тастағаннан кейін ХҚКО жүктемесі екі есеге азаяды деп күтілуде.

    Бұрын хабарланғандай, қазақстандықтар eGov, Aitu және eOtinish-ті нөлдік немесе теріс баланста пайдалана алады.

    Е - Үкімет, Е - ХҚКО АХАЖ қызметтері

    Ұқсас материалдар

    Жоба

    «Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 359 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 359 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту мемлекеттік қызмет көрсету ұсынуды түсіндіру туралы"

    "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту мемлекеттік қызмет көрсету ұсынуды түсіндіру туралы" Қызметтіонлайнқалайалуғаболады: Порталда авторизациядан өтіп, «Қызмет алу» сілтемесін басыңыз. Жария кадастрлық картаға өтіп, жер...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ көрсететін "кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру"мемлекеттік қызметін беруді түсіндіру туралы.

    "Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ көрсететін "кенттің, ауылдың жерінен жер учаскесін беру"мемлекеттік қызметін беруді түсіндіру туралы. "Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің ап...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру

    "Жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалаларды...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру

    "Жітіқара ауданыныңТоқтаровауылдық округі әкімінің аппараты" ММ көрсететін "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызметін беруді түсіндіру туралы. "Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдықокругі...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату"

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату" Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау

    Қызметті онлайн алу Порталда авторизацияданөтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші дең...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты ММ көрсететін «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін ұсынуды түсіндіру туралы

    Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты ММ көрсететін «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін ұсы...

    Жарияланды: