2026 жылғы 2 тоқсан үшін«СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талдамалық анықтама
«СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ Мемлекеттік қызметтің бір түрін ұсынады – бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
1) көтерме жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада (2026 жылғы 2 тоқсан үшін 10 жәрдемақы берілді);
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау-бюджеттік кредит (2026 жылғы 2 тоқсан үшін 0 кредит берілді).
3) тұрғын үй құрылысын әлеуметтік қолдау-бюджеттік кредит (2026 жылғы 2 тоқсан үшін 0 кредит берілді).
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімнің сайтында мемлекеттік қызметтер қойындысында жүргізіледі
https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-timirazevo
Мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру үшін халықпен кездесулер өткізілді (оның ішінде онлайн форматта):
Есеп түзетулермен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі есептің бекітілген нысаны бойынша ұсынылады.