Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 3-қосымша |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген
ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы»ММ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 10 наурыз-18 наурыз
Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні: 2026 жылғы 18 наурыз
№ р/б |
Ұсыным |
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны |
Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат |
1. |
Қатынастарды болдырмау арқылы мемлекеттік аудит объектілеріне жүктемені азайтуға, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтимал көрінуін азайтуға ықпал ететін электрондық мемлекеттік аудитке біртіндеп көшу |
Аудиторлық есеп |
Электрондық мемлекеттік аудитке ЖАП ААЖ жүйесі арқылы біртіндеп көшу жұмысы жалғасуда |
2. |
Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің және олардың жұбайының мемлекеттік кірістер органдарына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруы |
Кірістер мен мүлік туралы декларация, 270.00 нысан |
Декларацияны тапсыру мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін, Тексеру комиссиясының қызметкерлері мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады. 01.07.2026 ж. декларацияны 28 қызметкер тапсырды |
3. |
Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын сақтау |
Техникалық оқу |
Тексеру комиссиясының барлық мемлекеттік аудиторлары Мемлекеттік қызмет туралы заңның, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің, Мемлекеттік аудиторлардың кәсіптік әдеп қағидаларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын қатаң сақтайды. 01.07.2026 ж. жағдай бойынша 6 техникалық оқу өткізілді, оның ішінде 3 техникалық оқу күн тәртібіне Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп ережелерін сақтау мәселесі енгізілді |
4. |
Мемлекеттік аудит объектісінде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдау |
Мемлекеттік аудит тобы |
Тексеру комиссиясы төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 94-н/қ бұйрығымен Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы туралы ереже бекітілді. Аудиторлық іс-шараларға шықпас бұрын мемлекеттік аудиторлар объектілік хабарламаларды толтырады. Тексеру комиссиясының ішінде де, мемлекеттік аудит объектілерінде аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде де мүдделер қақтығысына жол берілмейді |
5. |
Аудит тобы үшін нұсқама өткізу |
Нұсқама |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшелері Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп, әр аудиторлық іс-шараны өткізу алдында және шыққанға дейін тұрақты негізде мемлекеттік аудит тобының қатысушыларымен нұсқама өткізеді. 2026 жылдың 1 жартыжылдығында 8 нұсқама өткізілді. Нұсқамадан басқа, әрбір мемлекеттік аудитті жүргізу басталар алдында объектіге Тексеру комиссиясының сенім телефоны және Әдеп жөніндегі уәкілдің байланыстары туралы ақпаратты міндетті түрде қоса бере отырып, тиісті хабарлама жіберіледі |