Ақмола облысы Сандықтау ауданының сайлау учаскесінің шекарасы мен олардың мекенжайы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 17 бабындағы 2 тармағына, 23 бабындағы 5 тармағына, «Сандықтау ауданы Широков және Веселов ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №52/1қаулысына, Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешіміне сәйкес, Сандықтау ауданының сайлау учаскесінің шекарасы мен учаскелік сайлау мекенжайы туралы хабарлаймыз.
Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелері
№ 596 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Богородка ауылы, Саябақ көшесі, 1а, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Балкашин аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Широков ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралар: Богородка ауылы.
№ 597 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Дорогинка ауылы, Александр Пушкин көшесі, 17, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Дорогинка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Дорогинка ауылы.
№ 613 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Байдалы ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 4, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Балкашин аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселов ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралар: Байдалы ауылы.
№ 614 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Жыланды ауылы, Орталық көшесі, 19, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Жыланды ауылы.
№ 615 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Новоселовка ауылы, Қараөткел көшесі, 20/1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Сандықтау аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Новоселов медициналық пунктінің ғимараты.
Шекаралар: Новоселовка ауылы.