Ақмола облысы Сандықтау ауданының сайлау учаскесінің шекарасы мен учаскелік сайлау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 17 бабының 2 тармағына, 23 бабының 5 тармағына, «Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қарашадағы №74/2 қаулысына, Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешіміне сәйкес, Сандықтау ауданының сайлау учаскесінің шекарасы, учаскелік сайлау туралы хабарлаймыз.
Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелері
№ 606 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Белгородское ауылы, Целинная көшесі, 24, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Белгород ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Белгородcкое ауылы.
№ 608 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Преображенка ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі, 18, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Преображенка ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Преображенка ауылы.
№ 609 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Раздольное ауылы, Орталық көшесі, 18а, «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Үлкен-Түкті орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кеңсесінің ғимараты.
Шекаралар: Раздольное ауылы.