Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі сіздің сайлаушылар тізімінде болуы болып табылады.
Сізді белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін жергілікті атқарушы орган жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер базасының негізінде жасайды.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ ол қандай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін нақтылауға құқылы.
Егер сіз сайлау күні сіздің тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіз болмайтындығы туралы хабардар болсаңыз, Сіз тұратын жеріңіз бойынша 2023 жылғы 17 ақпаннан кешіктірмей тиісті тізімге енгізу туралы жазбаша өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.
Сайлаушылар тізіміне енгізуге және алып тастауға қатысты мәселелер бойынша ақпаратты, өз деректеріңізді нақтылауды, сондай-ақ сайлау учаскесінің нөмірін және оның орналасқан жерін Сіз Call-орталықтан ала аласыз.
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ сайтында «Пайдалы сілтемелер» бөлімі бар: сайлаушылар тізімінен өзіңізді табыңыз, өз сайлау учаскеңізді табыңыз. Сіз өзіңіздің ЖСН көрсете отырып, өзіңіздісайлаушылар тізімінен таба аласыз.
Мәліметтер болмаған жағдайда Call-орталыққа хабарласуыңызды сұраймыз.
Call-орталықтың жұмыс кестесі
№ |
Күн |
Жұмыс уақыты |
Байланыс деректер Call-орталығы |
1 |
дүйсенбі-жұма |
сағат 9: 00-ден 18: 30-ға дейін түскі үзіліспен 13: 00-ден 14: 30-ға дейін |
Орналасқан жері: Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан атындағы көшесі, 117. Телефон: 8 (71640) 9-17-14 |