Жамбыл облысында 1,7 мыңнан астам азамат «Жеке менеджер» қызметін пайдаланды

    ·

    Жамбыл облысында 1,7 мыңнан астам азамат «Жеке менеджер» қызметін пайдаланды

    2026 жылдың басынан бері Жамбыл облысында 1 746 азамат «Жеке менеджер» қызметін пайдаланды. Бұл сервис мемлекеттік қызметтерді кезексіз алып, құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде жеке сүйемелдеумен қызмет алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалында хабарлады.

    Қызмет облыстағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді. Сондай-ақ үйге барып қызмет көрсету форматы да қарастырылған. Бұл түрлі себептермен фронт-офиске өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін өте қолайлы.

    Қызметті алу үшін азамат ХҚКО-дағы тіркеу бөліміне жүгініп, тиісті шартқа қол қойып, қызмет құнын төлеуі қажет. Осыдан кейін жеке менеджер мемлекеттік қызметті алу процесінің барлық кезеңінде қызмет алушыны сүйемелдеп, кезектен тыс қызмет көрсетілуін және қажетті консультациялық қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.

    Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында 5 697 теңгені, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда 6 306 теңгені құрайды.

    «Жеке менеджер» сервисі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу барысындағы қолайлылығын арттыру мақсатында енгізілген. Ол ХҚКО-да қызмет алу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

    Жүктеу
    2945116944951e433bd60bd076ab43af_original.17761.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Нысанға қатысты ұсынылған қызмет туралы өтінімге қатысты пікірлер мен ұсыныстардың жиынтық кестесінің хаттамасы

    Жарияланды:
    Басқа

    Қазақстан азаматтары қандай жағдайларда тегін өзгерте алады

    Қазақстан азаматтары қандай жағдайларда тегін өзгерте алады Қазақстан тұрғындары белгілі бір негіз болған жағдайда тегін өзгертуге құқылы. Бұл мемлекеттік қызметтің қандай жағдайларда көрсетілетіні және оны қалай рәсімде...

    Жарияланды:
    Басқа

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің т...

    Жарияланды:
    Басқа

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекетті...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қордай ауданы әкімдігінің Қордай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Қордай ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері (2026 жылдың 23 шілде – 2026 жылдың 21 тамыз аралығы)

    ҚР Құрылтай сайлауы Саяси партия атауы шілде 23 бейсенбі 24 жұма 27 дүйсенбі 28 сейсенбі 29 сәрсенбі 30 бейсенбі 31 жұма «Әділет» партиясы Цемзауыт ауылдық мәдениет үйі, Қордай ауылы Орталық көшесі, №19 Сиымдылығы 180 о...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қордай ауданы әкімдігінің Қордай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жы...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты Қордай ауданы әкімдігінде арнайы Call-орталық құрылды

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты Қордай ауданы әкімдігінде арнайы Call-орталық құрылды Call-орталықтың нөмірі: 8 (72636) 4-30-19. Call-орталықтың ж...

    Жарияланды: