№ |
Ұсыныстар |
Іс-шара |
Аяқтау формасы |
Орындаушылар |
Орындау мерзімі | |||
1 |
Уақытша болмаған қызметкерлердің міндеттерін басқаларға жүктегенде заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету және қосымша төлемдерді белгілеу кезінде құқықтық белгісіздікті азайту. |
Уәкілетті органға бұрын жіберілген ұсынысты қарау мониторингін қамтамасыз ету ( 14.11.2025жылғы шығ. № 10-18/1159 ). Жауап болмаған жағдайда немесе мәселені одан әрі қарау қажет болған жағдайда уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу бойынша жұмысты жалғастыру. Міндеттерді жүктеуге қатысты заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. |
Уәкілетті органның өтінішті қарауы туралы мәліметтер; қажет болған жағдайда, өтінімді өңдеуге байланысты хат-хабарлар және қайта ұсынылған ұсыныстардың көшірмелері. Қызметтік хат (түсініктеме), міндеттерді атқаруды ресімдеу бойынша бекітілген іс-қимыл алгоритмі, құрылымдық бөлімшелер басшыларының танысу парағы (не электрондық құжат айналымы жүйесінде танысуды растау) |
Бірыңғай кадр қызметі |
05.07.2026 ж. дейін | |||
2 |
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу және еңбек демалысын уақтылы бермеу бойынша өтініштер мен шағымдарды болдырмау. |
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет және еңбек қатынастары туралы заңнаманың сақталуы туралы, оның ішінде еңбек демалысын беру мәселелері бойынша ақпараттың жеткізілуін қамтамасыз ету. |
Қызметкерлер жиналысының хаттамасы, демалыс кестесі. |
Бірыңғай кадр қызметі |
01.08.2026 ж. дейін | |||
3 |
Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау деңгейін арттыру және әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін азайту. |
Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен отырыстар, семинарлар және жеке профилактикалық талқылаулар кезінде мемлекеттік қызметшілерге анықталған әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша талдамалық ақпаратты жеткізу; құқық бұзушылықтарды талдау нәтижелері туралы ақпаратты жүйелі түрде беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық және ағарту іс-шараларын өткізу. |
Кеңестер мен семинарлардың хаттамалары; оқу материалдары; әдеп жөніндегі уәкілдің баяндамалары. |
Әдеп жөніндегі уәкіл |
Тоқсан сайын, айдың 5-іне дейін | |||
4 |
Мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген мемлекеттік қызметтің шектеулері мен талаптарын сақтау деңгейін арттыру. |
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңнамасының шектеулері мен талаптарын сақтауын бақылау, әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен, оның ішінде аппарат жиналыстарында, семинарларда және жеке негізде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндіру іс-шараларын жүргізу және заңнама талаптарын сақтау мәселелерін қарауды құжаттайтын аппараттық кеңестер мен семинарлардың хаттамалары. |
Бірыңғай кадр қызметі, әдеп жөніндегі уәкіл |
Тұрақты | |||
5 |
Мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор ұсынатын декларациялардағы мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын арттыру. |
Аппарат жиналыстары шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру және тапсыру мәселелері бойынша қосымша консультациялар ұйымдастыру. |
Өткізілген консультациялардың нәтижелері бойынша қызметкерлердің отырыстары мен семинарларының хаттамалары. |
Бірыңғай кадр қызметі |
01.09.2026 ж. дейін | |||
6 |
Кандидаттарды конкурстық рәсімдерге жіберу тәртібін жетілдіру және ақпараттық жүйелерден деректерді уақтылы алмауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту. |
Тексерулердің түпкілікті нәтижелерін алғанға дейін кандидаттарға рұқсат беруді болдырмайтын, сондай-ақ кадр қызметінің рұқсатты автоматты түрде бұғаттауының/қайтарып алуының техникалық мүмкіндігін көздейтін ақпараттық жүйелердің интеграциясын жетілдіру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау және жіберу. |
Уәкілетті органдарға берілген ресми ұсыныстар (шығыс хаттар, жауаптар/қарауды растау). |
Бірыңғай кадр қызметі |
01.07.2026 ж. дейін | |||
7 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерінің ашықтық және айқындық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету. Құжаттарды қабылдау және консультация беру кезеңдерінде көрсетілетін қызметті алушы мен лауазымды тұлға арасындағы тікелей өзара іс-қимылды болдырмау бойынша уәкілетті органдарға ұсыныстарға бастамашылық жасау; көрсетілетін қызметті алушылармен өзара іс-қимылдың электрондық арналарын пайдалануды кеңейту, сондай-ақ азаматтарға консультация беру сапасына және қызметтер көрсету стандарттарының сақталуына мониторинг жүргізу. |
Уәкілетті органдарға ресми ұсыныстар (шығыс хаттар); консультация беру сапасы және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуы туралы қорытынды мониторингтік есепті ұсыну. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлім |
Тоқсан сайын, айдың 5-іне дейін | |||
8 |
Қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiгiне ведомстволық бақылауды күшейту және мемлекеттiк қызметтер материалдарына iрiктеп тексеру жүргiзу арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде заңнама талаптарының бiркелкi қолданылуын қамтамасыз ету. |
Заңнама талаптарын қолдану, мемлекеттік қызмет материалдарын іріктеп бақылау және анықталған бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар әзірлей отырып, оларға талдау жасау мәселелері бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. |
Отырыстардың/кеңестердің хаттамалары, оқыту бағдарламалары. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлім |
Тоқсан сайын, айдың 5-іне дейін | |||
9 |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтардың алдын алу. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне тұрақты мониторингті жүзеге асыру, қызмет көрсету регламенттерінің сақталуына бақылауды күшейту, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізу. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің мониторингі, регламенттердің сақталуы және жауапты лауазымды адамдармен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижелері бойынша отырыс/кеңес хаттамасы. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлім |
Тоқсан сайын, айдың 5-іне дейін. | |||
10 |
Ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу кезіндегі қателерді азайту. |
Ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу кезінде енгізілген деректерді екі рет тексеруді, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтердің дұрыстығын мерзімді бақылауды қамтамасыз ету. |
Деректердің дұрыстығын бақылау нәтижелері туралы анықтама (есеп). |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлім |
01.09.2026 ж. дейін | |||
11 |
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде үшінші тұлғалардың делдалдық қызметтерін пайдалану мүмкіндігінің төмендеуі |
Халық арасында мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ интернет-ресурстар мен ақпараттық стендтерде өзекті мәліметтерді орналастыру. |
Интернет-ресурстарда орналастырылған материалдарға сілтемелерді көрсете отырып, жүргізілген түсіндіру жұмысы туралы анықтама (есеп). |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлім |
Ай сайын, айдың 5-іне дейін. | |||
12 |
Мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті беруші және мүдделі тарап ретінде бір мезгілде қатысуы кезінде нормативтік белгісіздікті барынша азайту. |
Мемлекеттік қызметтер саласындағы уәкілетті орган деңгейінде мәселені қарауға, сондай-ақ тиісті жағдайларда заңнаманы қолдану тәртібіне ресми түсіндірме беру туралы сұрау салу жіберуге бастамашылық жасау. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда, мемлекеттік орган бір мезгілде көрсетілетін қызметті беруші мен мүдделі тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларда өтініштерді тәуелсіз қарау механизмін енгізу мүмкіндігін қарастыру. |
Шығыс хаттың (өтініштің) көшірмесі және уәкілетті органға жолданған өтінішті тіркеу. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлім |
01.11.2026 ж. дейін | |||
13 |
Мемлекеттік сатып алу кезінде сапасыз тауарларды жеткізу тәуекелін азайту |
Сапа сипаттамаларына қойылатын талаптарды белгілей отырып, жиі сатып алынатын тауарларға стандартты техникалық шарттарды әзірлеу. |
Стандартты сипаттамалардың бекітілген тізімі |
Қаржы-шаруашылық бөлімі |
01.11.2026 ж. Дейін | |||
14 |
ҚР АІЖК белгілеген ережелер мен мерзімдерде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сәйкессіздік тәуекелдерін азайту |
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне ҚР АӨК талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу |
ақпарат |
Нуркин А.Т. Магамбетова А.Б. |
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін | |||
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қызметкерлерді оқыту |
хаттама |
Зейналова С.А. |
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін | |||||
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуына ішкі бақылау енгізу |
ақпарат |
Зейналова С.А. |
тұрақты | |||||
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына тоқсан сайынғы мониторингті жүзеге асыру және нәтижелерін басшылыққа ұсыну |
ақпарат |
Нуркин А.Т. Магамбетова А.Б. |
Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін | |||||
15 |
Ақпарат беру туралы сұрау салуларды, оның ішінде анықтама беру туралы өтінішпен келіп түскен сұрау салуларды қамтитын өтініштерді тіркеуде біркелкіліктің болмауынан болатын тәуекелдерді азайту |
Өтiнiштердi тiркеудiң қолданылып жүрген тәртiбiне талдау жүргiзу және ақпарат беру туралы сұрау салуларды, оның iшiнде анықтама беру туралы сұрау салуларды тiркеуге әртүрлi көзқарас жағдайларын анықтау |
ақпарат |
Зейналова С.А. |
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін | |||
Аудан әкімі аппаратының заң бөліміне «анықтама» ұғымын нақты анықтау және осы ұғымды Е-Өтініш базасында өтініш түрі ретінде жіктеу туралы сұрау салу жіберілсін. |
хат |
Зейналова С.А. |
2026 жылғы 1 тамызға дейін | |||||
Ақпарат беру туралы сұрау салуларды қамтитын өтініштерді тіркеудің бірыңғай алгоритмін әзірлеу және бекіту. |
алгоритм |
Зейналова С.А. |
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін | |||||
Өтініштер түрлерінің аражігін ажырату және оларды тіркеу тәртібі бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындау. |
ұсынымдар |
Зейналова С.А., юридический отдел |
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін | |||||
Өтініштерді қабылдауға және тіркеуге жауапты қызметкерлерді оқыту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
ақпарат |
Зейналова С.А. |
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін | |||||
Өтініштерді тіркеудің бірыңғай тәртібінің сақталуына ішкі бақылауды ұйымдастыру |
ақпарат |
Зейналова С.А. |
тұрақты | |||||
Өтініштерді тіркеу тәртібінің сақталуына тоқсан сайын мониторинг жүргізу және бұзушылықтар анықталған кезде түзету шараларын қабылдау |
ақпарат |
Зейналова С.А. |
Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін | |||||
16 |
ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының 20-бабы 2-тармағы мен «Ашық НҚА» интернет-порталында нормативтік құқықтық актілер жобаларын орналастыру және қоғамдық талқылау қағидаларының 2-тарауы арасындағы қайшылықты жою |
Қағидаларды әзірлеуші уәкілетті органға – ҚР Әділет министрлігіне 2-тарауға ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен хат жолдау |
24.06.2026 жылғы № 01-48/89 шығыс хат |
Альтанова Г.С. бас маман |
01.05.2027 жыл | |||
17 |
Іргелес аумақта ғимараттарды (құрылыстарды, имараттарды) кеңейту және реконструкциялау үшін қосымша жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қарау барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмысты жалғастыру, проблемалық мәселелер толық шешілгенге дейін олар туралы уәкілетті органдарды хабардар ету. |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 5-тармағына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдау. Атап айтқанда, іргелес аумақта ғимараттарды (құрылыстарды, имараттарды) кеңейту және реконструкциялау үшін қосымша жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қарау кезінде өтініш берушінің сәулет-жоспарлау тапсырмасын ұсыну қажеттілігі жөніндегі талапты енгізу. |
|
|
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Қарабалық ауданының мемлекеттік мекемелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған
Жүктеу
План мероприятий по устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, выявленных по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в государственных учреждениях, подведомственных организациях и субъектах квазигосударственного сектора Карабалыкского района
План мероприятий по устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, выявленных по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в государственных учреждениях, подведомственных организациях и субъектах квазигосударственного сектора Карабалыкского района
DOCX · 28 КБ
Ұқсас материалдар
Ақпарат
Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар Қарабалық кенті: Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарабалық аудандық мәдениет үйі" мемл...